Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Қол жүгіртті“: Астанада автобуста әйелге тиіскен ер адам ұсталды

Астанада автобуста бойжеткенге тиіскен 46 жастағы ер адам ұсталды. Жәбірленуші басынан өткен жағдайды әлеуметтік желіде жариялап, көпшіліктің назарын аударған. Енді бұл іске сот нүкте қоймақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мән-жай
Қазақстандық бойжеткеннің айтуынша, қалалық автобуста келе жатқанда денесіне біреудің қол тигенін анық сезген. Артына бұрылғанда ер адамның қолын көріп, мұның жай емес екенін түсінген.

"Ол мені ұсталады. Мен кілт бұрылып, одан алыстап: "Ұят емес пе!" – дедім. Бірақ сол сәтте де өзімді ыңғайсыз сезініп, ұялдым", - деп жазды ол.

Скриншот: Threads
Бойжеткен ер адамды суретке түсіріп алып, болған жайтты жария түрде айтуды жөн көрген. Ол полицияға жүгінген күннің өзінде әділдікке қол жеткізе алатынына күмәнданғанын мойындады.

"Мені ашуландыратыны тек автобуста болған жағдай емес. Өзімді дәрменсіз сезінгеніме қынжыламын. Қоғамдық көлікте әйел өз шаруасымен жайбарақат жүре алмайтыны қынжылтады. Неге біреу тиіскеннен кейін оның шынымен болғанын дәлелдеудің жолын іздеуге мәжбүр? Мені ашындыратыны осы", - деп жазды ол.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Пікір қалдырған көп әйел өздерінің де осындай жағдайға тап болғанын айтып, оқиғаларын бөліскен.
Полиция не дейді?
Астана қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері 46 жастағы ер адамды ұстағанын хабарлады.

"Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау бөлмесіне қамалды", - деп хабарлады ведомстводан.

Іс бойынша түпкілікті шешімді сот шығарға тиіс.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *