Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Ерекше“: аңызға айналған Жозе Моуринью қазақ шапанын киіп көрді

Әлеуметтік желілерде мадридтік "Реалдың" бапкері Жозе Моуриньюдің қазақтың ұлттық киімімен түскен суреті жарияланды, деп хабарлайды Tengri Sport "Ордабасы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақы шапаннан бөлек, Моуриньюге шымкенттік клубтың арнайы "The Special one" (ерекше жан) деген жазуы бар және 1-нөмірлі жейдесі табысталды.

Жозе Моуринью деген кім?

63 жастағы португалиялық маман - әлемдік футболдағы ең танымал бапкерлердің бірі. Өз мансабында ол екі рет Чемпиондар лигасын, үш рет Англия чемпионатын жеңіп алды, сондай-ақ Испания, Италия және Португалияда үздік атанды.

Бұдан бөлек, оның қоржынында бірегей жетістік бар - ол тарихта барлық үш еурокубокты бағындырған алғашқы бапкер атанды: Чемпиондар лигасындағы жеңістен кейін "Манчестер Юнайтедпен" Еуропа лигасында және "Ромамен" Конференция лигасында жеңіске жетті.

Қазіргі таңда Моуринью мадридтік "Реалда" қызмет етеді, бұл клубпен ол 2012 жылы Испания чемпионы атанған болатын.

Фото: instagram.com/fc__ordabasy/

21-нен 22-қазанға қараған түні Жозе Моуринью бастаған мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасында германиялық "РБ Лейпцигке" қарсы ойнайды. Қазіргі уақытта испандық ұжымның жалпы кезеңдегі екі матчтен кейін екі жеңісі бар.

Әлемдік спорт аңыздары және қазақ шапаны

Айта кетейік, Моуринью спорт әлемінде сыйға қазақтың ұлттық киімін алған алғашқы тұлға емес.

Мәселен, жанкүйерлердің бірі UFC-дің бразилиялық файтері Чарльз Оливейраға шапан кигізген.

Ал кубалық атақты алпауыт боксшы Алексис Рубалькаба Түркістан облысында өткен турнирде шапанды сыйға алды.

Бұған дейін мадридтік "Реалдың" аңызы Криштиану Роналду футболдан Португалия құрамасындағы қылығы үшін айыппұл арқалаған болатын.

Ал "Ақтөбе" футбол клубы "Ордабасыға" қарсы матч кезінде трибунадағы плакатқа қатысты даудан кейін мәлімдеме жасады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *