Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Евгений Кочетов Президент Әкімшілігінде қызметке тағайындалды

Евгений Кочетов Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Евгений Дмитриевич Кочетов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Өмірбаяны
1988 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
Үкіметтің ресми сайтындағы деректерге сәйкес, 2009–2013 жылдары "Нұр Отан" партиясының жастар қанаты - "Жас Отан" ұйымында, сондай-ақ "Нұр Отан" партиясының түрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы және консультант қызметтерін атқарған.
2013–2014 жылдары "Цесна корпорациясы" акционерлік қоғамында Даму бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Сонымен қатар әр жылдары түрлі жеке коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген.
2016 жылы "Қазконтент" акционерлік қоғамында Kaztube.kz бейнепорталының жоба жетекшісі болып тағайындалды.
2016–2017 жылдары Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болды.
2017–2018 жылдары "Қазконтент" акционерлік қоғамы Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
2018–2019 жылдары "Нұр Отан" партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары болды.
2019–2020 жылдары "Рухани жаңғыру" қазақстандық әлеуметтік даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.
2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылға дейін "Media Damytu Kory" (Медиа дамыту қоры) корпоративтік қорының бас директоры болды.
2023 жылдың ақпанынан тамызына дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдың қарашасынан бастап қазіргі тағайындалуына дейін Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *