Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Біржақты қозғалыс және BRT-ны көшіру: Алматыдағы Тимирязев көшесіне қатысты қандай шешім қабылданды?

Алматыда бірнеше ай бойы Тимирязев көшесіндегі өзгерістер талқыланды. Билік оны біржақты етіп, автобус жолақтарын жолдың ортасынан шетіне ауыстыруды ұсынған болатын. Tengrinews.kz тілшісі қазіргі BRT желісінің тағдыры не болатынын анықтады.
Тимирязев көшесінде нені өзгертпек болды?
2026 жылдың мамырында Алматы әкімдігі Тимирязев көшесіндегі ықтимал өзгерістер туралы хабарлады.
20 мамырда өткен брифингте жол қозғалысын ұйымдастыру басқармасының басшысы биліктің көшені біржақты ету мүмкіндігін қарастырып жатқанын, ал автобус жолақтарын жолдың ортасынан оң жақ шетіне көшіру жоспарланғанын айтты.
Бұған кептелістер себеп болды. Басқарма басшысының айтуынша, BRT іске қосылғаннан кейін Тимирязев көшесінің өткізу қабілеті төмендеп, көлік ағынының бір бөлігі Әл-Фараби даңғылына ауысқан.

"Қазір Тимирязев көшесін зерттеп жатырмыз, онда біржақты қозғалыс енгізу (нұсқасы – ред. ескертпесі) қарастырылып жатыр. Көшенің өткізу қабілеті айтарлықтай азайған болуы мүмкін. Соның салдарынан көлік ағыны әл-Фарабиге ауысты, қазір ол жерде қарбалас уақытта үлкен кептелістерді көріп отырмыз", – деді сол кезде Диханбаев.

Кейінірек бұл жоспарларға қатысты түсініспеушілік туындады. БАҚ-та әкімдік өзгерістерден бас тартты деген ақпарат тарады. Алайда 23 маусымда басқарма Tengri Auto-ға түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын, ал мәселе "жан-жақты пысықтау сатысында тұрғанын" айтты.
Әкімдік соңында қандай шешімге келді?
Біз жағдайды анықтауды жөн көрдік. 2026 жылдың қазанында Алматы қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы бұл жоспарлардан әзірге бас тартқанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта басқарма Тимирязев көшесіндегі қолданыстағы жол қозғалысын ұйымдастыру схемасына өзгерістер енгізуді қарастырып жатқан жоқ", – деп мәлімдеді ведомство.

Осылайша, Тимирязев көшесіндегі қозғалыс схемасын өзгерту мүмкіндігі талқыланғанымен, әзірге нақты шешім қабылданған жоқ.
Бейінді басқарманың жауабына қарағанда, бұл көшеде біржақты қозғалыс енгізу жоспарда жоқ. Тимирязев екіжақты болып қала береді, ал автобустар бұрынғы схема бойынша қатынайды.
Ал Райымбек даңғылындағы BRT не болып жатыр?
Еске салсақ, бұған дейін Tengrinews.kz Алматы әкімдігі Райымбек даңғылындағы құны 39,9 миллиард теңге болатын BRT жобасын қайта қарап жатқанын жазған болатын.
Бастапқыда желіні 2025 жылы аяқтау жоспарланған еді, бірақ мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілді. Енді болашақ Almaty SkyTrain жобасына байланысты билік автобус жолақтарын жолдың шетіне көшіру мүмкіндігін қарастырып жатыр, ал учаскелердің бірінде бұрын салынған BRT элементтері демонтаждалып жатыр.
Жоба қашан аяқталатынын және оның соңғы құны қанша болатынын әкімдік әзірге нақтылаған жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *