Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

22 жастағы қазақстандықтың өтінде бір уыс тас болған: дәрігерлер ауру неге жасарып жатқанын айтты

Шығыс Қазақстан облысының 22 жастағы тұрғыны іші қатты ауырғаны соншалық, тыныс алуы қиындап ауруханаға түскен. Дәрігерлер қыздың өт қабынан тас және аурудың асқыну белгілерін анықтады. Отадан кейін мамандар 21 тасты алып тастап, өт-тас ауруының неге жастар арасында жиілеп кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды TengriHealth.
Науқас аудандық ауруханаға түскен кезде дәрігерлер оның көзі сарғайғанына назар аударған. УДЗ және талдау қорытындысы бойынша дәрігерлер өт жолында тас бар және өт ағынының бұзылуынан туындайтын ұйқы безінің қабынуы - билиарлы панкреатит болуы мүмкін деп күдіктенді.
Науқас Өскемендегі облыстық ауруханаға жіберіліп, сол жерде оған ота жасалды.

"Науқастың өт қабы алынып тасталды, оның ішінен бір уыс - 21 дана тас табылды. Бұл рекорд көрсеткіш емес, бірақ мұндай жас үшін өте көп. Бір аптадан соң қыз денсаулығы жақсарып, қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды", - деп хабарлады медициналық мекеменің баспасөз қызметі.

Хирург Жандос Қиноятов кейінгі жылдары өт-тас ауруы жастар арасында жиі кездесетінін атап өтті. Бөлімшеде жыл сайын 20 жас шамасындағы 2-3 адамға ота жасалады.
Негізгі қауіп факторлары
Әйел жынысы және гормоналды факторлар, жүктілік, кейбір гормоналды препараттарды қабылдау, семіздік және зат алмасудың бұзылуы, салмақтың тез төмендеуі, тұқым қуалаушылық.
Дәрігер кеңесі: жасқа қарамастан, оң жақ қабырға астында қайталанатын сыздаған ауырсыну пайда болса, әсіресе тамақтан кейін жайсыздық пен іштің ауырлығы сезілсе, жүрек айныса, сақтанып, дәрігерге көрінген жөн. Бұл белгілер өт қабы ауруларының белгісі болуы мүмкін және медициналық тексеруді талап етеді.
Егер іш аяқастынан қатты ауырса, әсіресе дене қызуы көтеріліп, құсу немесе тері мен көздің сарғаюымен қатар жүрсе, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет. Ауырсыну өздігінен басылады деп күтуге немесе оны ауырсынуды дәрімен басуға болмайды. Кейбір жағдайларда кешігу өмірге қауіпті асқынуға әкеп соғуы мүмкін.
Бұл ретте ШҚО дәрігерлері өт-тас ауруы ғана "жасарып" жатпағанын атап өтті.

"Инфаркт пен инсульт өте қатты жасарып кетті: 30 жастағы науқастар қазір сирек кездесетін жағдай емес. Артроз да жасарды - 40 жастағы науқастарға эндопротездеу жасалып жатыр", - деп толықтырды облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Қазақстандағы балалар семіздігі: ДСМ мен ДДСҰ бұл туралы не дейді?
Бұған дейін әлемде балалар семіздігі белеу алуына байланысты ДДҰ алғаш рет балалар мен жасөспірімдерді емдеу бойынша халықаралық ұсынымдар шығарғанын жазған едік.
ДДҰ деректері бойынша, 2024 жылы 5-тен 19 жасқа дейінгі 170 миллион бала мен жасөспірім семіздікке шалдыққан. 1990 жылдан бері бұл жас тобында семіздіктің таралуы төрт есе - 2 пайыздан 8 пайызға дейін өсті.
Бұл ретте Қазақстанда 2024 жылғы халықаралық статистикалық зерттеу бағдарламасы 5-тен 9 жасқа дейінгі балалардың 23,2 пайызында артық салмақ бар екенін көрсетті. Бұл - шамамен әрбір төртінші бала.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *