Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев NVIDIA компаниясының президентіне нәтижелі кездесу үшін алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі президенті Дженсен Хуангқа нәтижелі кездесуі мен жасанды интеллект мәселелерін талқылағаны үшін алғыс айтты. Бұл туралы Президент X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Дженсен Хуангқа Ақордадағы нәтижелі кездесуі мен жасанды интеллектті дамыту және оны Қазақстан экономикасында, әсіресе ауыл шаруашылығында қолдану мәселелерін талқылағаны үшін алғыс айтамын. Сіздің идеяларыңыз бен кеңестеріңіз біз үшін үлкен практикалық маңызға ие", - делінген жарияланымда.

Еске салайық, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада NVIDIA компаниясының президенті Дженсен Хуангты қабылдаған болатын.
Анықтама: NVIDIA - 1993 жылы негізі қаланған және графикалық процессорлар (GPU) мен есептеу үдеткіштерін әзірлеуде әлемдік көшбасшы америкалық технологиялық компания. Бастапқыда ойын индустриясына арналған GeForce бейнекарталары арқылы танылған компания графикалық чиптерді параллель есептеулер үшін пайдалануға мүмкіндік беретін CUDA архитектурасын жасау арқылы нарықты трансформациялады. Бүгінде NVIDIA ірі нейрожелілер мен дата-орталықтарды оқыту және олардың жұмысы үшін арнайы аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізе отырып, әлемдік жасанды интеллект революциясының негізгі драйвері болып отыр. Корпорация аппараттық шешімдерден бөлек, автономды көлік, роботтандыру, суперкомпьютерлік есептеулер және бұлтты гейминг платформаларын белсенді дамытып келеді. Кейінгі жылдары ЖИ бумының арқасында компания капитализацияның феноменалды өсімін көрсетіп, әлемдегі ең қымбат жария корпорациялардың қатарына енді.
NVIDIA басшысы Президенттің жаңа индустриялық революцияның басында Қазақстанды AI-ұлтқа - жасанды интеллектті дамыту мен оны жаппай енгізуге бағытталған мемлекетке айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады. Сонымен қатар, Дженсен Хуанг Қазақстанды әлемдік Physical AI хабына айналдыруды ұсынды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *