Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Көкшетау қаласы бүкіл елмен бірге Республика күнін атап өтуде. Мерекенің негізгі шаралары "Ту тұғыры" монументі орналасқан алаңда өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының сүйемелдеуімен көк Тудың көкке көтерілу рәсімін тамашалауға жүздеген қала тұрғыны жиналды. Бұл туралы Ақмола облысының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының мәліметінше, салтанатты шараға Ақмола облысының әкімі қатысты.
Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінде Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі еліміздің барлық өңірінде өткізіліп, игі дәстүрге айналды.

Жиналған қауымды Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов құттықтады.


"Біз – қай кезде де Туын биік ұстаған, оны ерлік пен мемлекеттіліктің символы деп білетін халықпыз. Көк байрағымыздың салтанатты түрде желбіреуі еліміздің Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында айрықша мәнге ие. Бұл – азаттықтың қадірін терең түсініп, жүріп өткен жолымызды бағалап, болашаққа сеніммен қарауға үндейтін маңызды сәт", – деді Марат Ахметжанов.


Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының мәліметінше, дәстүр бойынша салтанатты рәсімнің ресми бөлімі өңірдің дамуына еңбегімен үлес қосып, қоғамдық істерге белсене атсалысып жүрген азаматтарды марапаттаумен жалғасты. Облыс әкімі 14 жас ақмолалыққа алғыс хаттар табыстады.

Шара соңында патриоттық мазмұндағы шығармашылық қойылым ұсынылды. Әуенмен астасқан салтанатты сәтте алаң үстінде желбіреген Мемлекеттік Ту мерекенің басты символына айналды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *