Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Оны бақылап жүріңіздер“: UFC жұлдызы “Барселонадағы“ қазақстандық туралы айтты

UFC-дің белгілі файтері Арман Царукян "Барселонамен" келісімшартқа отырған Қазақстанның алғашқы футболшысы Кәрім Меңдіқановпен кездесті, деп хабарлайды Tengri Sport әлеуметтік желілерге сілтеме жасап.
Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, UFC-дің жеңіл салмақ рейтингінде екінші орында тұрған нокаутшы "Эль-Класико" матчіне барған. Царукян трибунада отырып, каталониялықтардың айнымас қарсыласы мадридтік "Реалдан" жеңілгенін тамашалады.
Сапар барысында Арман "Барселонаның" бірнеше ойыншысымен де кездесті, олардың арасында клуб тарихындағы тұңғыш қазақстандық - 15 жастағы Кәрім Меңдіқанов та бар.

"Аңызбен бірге түскен сурет! Көп рақмет, Арман Царукян!", - деп жазды Кәрім Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Царукянның өзі де қазақстандық жасөспірім туралы жылы лебіз білдірді. Ол кездесуден шағын видео жариялап, Меңдіқановты болашақ жұлдыз деп атады.

"Міне, "Барселонадағы" қазақ футболының болашақ жұлдызы, осы баланы бақылап жүріңіздер! Қатты жаттығасың ба? Ал егер негізгі құрамда ойнасаң, мені матчке шақырасың ба?", - дейді файтер.

Айта кетейік, Царукян - америкалық промоушеннің қазіргі таңдағы ең танымал файтерлерінің бірі.
Оның ММА-дағы кәсіби мансабы 2015 жылы басталып, 2019 жылы UFC-де дебют жасады. Ол Чарльз Оливейра, Бенеил Дариуш және Дэн Хукер сияқты мықтылармен жұдырықтасқан. 2025 жылдың қарашасында ол Хукерді қылқындыру әдісімен, ал 2026 жылдың қыркүйегінде Маурисио Руффиді нокаутпен жеңді.
Соңғы мәліметтер бойынша, Царукян жеңіл дивизион рейтингінде екінші орында тұр, оның еншісінде 24 жеңіс және үш жеңіліс бар.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Karim Mendikanov жариялаған жазба (@k.mendikanov)


Кәрім Меңдіқанов деген кім?
15 жастағы Кәрім Меңдіқанов Орал қаласында дүниеге келген және жасөспірімдер футболында біртіндеп биік белестерді бағындырып келеді. 2022 жылдан бері Испанияда тұрады, ал осы жылдың сәуірінде "Барселона" академиясымен келісімшартқа отырды.
Жас футболшы Қазақстанның 16 жасқа дейінгі құрамасына шақырту алып жүр.
Кәрім Меңдіқановтың Оралдан "Барселонаға" дейінгі жолы және құрамадағы дебюті туралы SauBall YouTube-арнасындағы сюжеттен көре аласыздар.

“Барселонадағы“ 15 жастағы қазақстандық: Меңдіқанов Испанияға қалай тап болды?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *