Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады

АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жолдап, желтоқсанда өтетін кездесу туралы хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Республика күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Онда ол екі ел арасындағы әріптестіктің дамуы мен G20 саммитіндегі алдағы кездесу туралы да айтқан.

"Кейінгі бір жыл ішінде серіктестігімізді тереңдете түскенімізге қуаныштымын. Бұл халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан бастап екі елге де пайдалы маңызды коммерциялық келісімдерге дейін қамтыды. 1991 жылы халықаралық аренада Қазақстанды егемен ел ретінде бірінші болып Құрама Штаттар таныған болатын. Сондықтан еліңіздің тәуелсіздігі мен егемендігін және аумақтық тұтастығын әрдайым қолдаймыз. Қазақстанның таңғаларлық экономикалық табыстарына америкалық компаниялар да зор үлес қосып келеді. Елдеріміз арасындағы берік достық ұзақ жылдарға жалғасатынына сенімдімін. Желтоқсан айында өтетін G20 саммиті аясындағы кездесуді асыға күтемін", – деп жазды Дональд Трамп жеделхатында.

Еске сала кетейік, 12 қыркүйекте БРИКС саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен кездескен болатын.
Сол кезде әңгіме басында Гор Тоқаевқа президент Дональд Трамптың Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы жеке құттықтау жолдауын табыс еткен еді.
Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген қазақ-америкалық стратегиялық серіктестігінің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың ерекше маңыздылығына тоқталған.

"Қазіргі уақытта Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуға дайындалып жүрмін. Бұл екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Өзара тиімді ықпалдастықты ілгерілету жолында сөзден гөрі нақты іске көшкенді жөн көреміз", – деген еді бұған дейін Қазақстан Президенті.

АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша өкілі Қазақстан мен АҚШ көшбасшылары арасындағы тығыз әрі сенімді байланыстардың арқасында екіжақты қарым-қатынастар бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *