Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шымкент ҰҚКД бастығының бұрынғы бірінші орынбасарына қатысты үкімнің күші жойылды: сот себебін түсіндірді

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот Шымкент бойынша ҰҚК департаменті бастығының бұрынғы бірінші орынбасары Манат Сарбасов пен басқа да сотталғандарға қатысты сот актілері күшін неге жойғанын түсіндірді. Бұған алқабилердің дауыс беру тәртібінің айтарлықтай бұзылуы негіз болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін Қазақстанның қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты жемқорлық ісі бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылған Шымкент бойынша ҰҚК департаменті бастығының бұрынғы бірінші орынбасары Манат Сарбасовқа қатысты үкімнің күшін жойғаны хабарланған болатын. Қылмыстық іс бірінші сатыдағы сотқа қайта қарауға жіберілді.

Кассациялық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс пара алу, ақшалай қаражатты заңдастыру, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу және бюджет қаражатын жымқыру баптары бойынша сотталған бес адамға қатысты болған. Қаралған эпизодтар білім беру және денсаулық сақтау салаларымен байланысты.

Бірінші сатыдағы сотта іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Кассациялық қайта қарау кезінде Қылмыстық-процестік кодекстің дауыс беру тәртібін реттейтін 656-бабының 3 және 4-бөліктерінің талаптары бұзылғаны анықталды.

Атап айтқанда, кейбір алқабилер қойылған сұрақтарға жауап беруден қалыс қалған. Бұл ретте заң бойынша алқабилерге де, судьяға да дауыс беруден қалыс қалуға тыйым салынады. Дауыс беру жасырын және жазбаша түрде өтуі тиіс, бұл ретте судья мен алқабилердің дауыстары тең күшке ие.

Дауыс берудің әрбір қатысушысы бюллетеньде "иә, дәлелденді", "жоқ, дәлелденбеді", "иә, кінәлі" немесе "жоқ, кінәсіз" деген түсіндірмемен бірге мақұлдау немесе теріске шығару жауабын көрсетуге міндетті.

Кассациялық сот белгіленген рәсімнің сақталмауы заңды елеулі бұзу болып саналатынын және сот актілері күшін жоюға негіз болатынын таныды.

Нәтижесінде қылмыстық іс қайта қарауға жіберілді.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы қазанда Манат Сарбасов 12 жылға бас бостандығынан айырылғанын. Ол аса ірі мөлшерде (70 миллион теңге) пара алу, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасындағы жымқыру дерегі бойынша әрекетсіздік танытқаны үшін кінәлі деп танылды. Іс бойынша Сарбасовпен бірге тағы төрт адам жауапқа тартылды. Олар шартты мерзімнен бастап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын алды. Сот талқылауы алқабилердің қатысуымен өтті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *