Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанада жаңа аурухана салынады: қашан ашылады және онда кімдер емделеді?

Астанада Балаларға арналған шұғыл медициналық көмек орталығын салу жоспарлануда. Алдын ала есептеулер бойынша, ол жылына бүкіл елден тоғыз мыңға жуық пациентті қабылдай алады. Құрылыс қашан басталатыны және онда қандай мамандар көмек көрсететіні туралы Tengri Health материалында.
Жаңа орталық қай жерде орналасады және құрылыс қашан басталады?
Жаңа балалар ауруханасы Астанадағы Нұра ауданы, Тұран даңғылы бойында, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) аумағында бой көтереді.
200 төсек-орынға есептелген ғимарат орталықтың өзге бөлімшелерімен байланыстырылады. Бұл туралы бізге Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы Ержан Әділбеков айтып берді.

"Аурухананың ашылуы балаларға арналған шұғыл және мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады", - деп толықтырды ол.

Құрылыс 2027 жылдың басында басталып, 2028 жылдың желтоқсанында аяқталады деп жоспарланған.
Жаңа ауруханада қандай бөлімшелер жұмыс істейді?
Клиникада мынадай бөлімшелер ашылады:

балалар хирургиясы және іріңді хирургия;
неонатология, нейрохирургия және офтальмология;
травматология, ортопедия және урология;
оториноларингология, жақ-бет хирургиясы және гинекология.


"Сондай-ақ біз аллергология, токсикология, неврология, эндокринология, гастроэнтерология, кардиология, нефрология және пульмонология бейіндері бойынша мамандандырылған көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз", - деді Ержан Әділбеков.

Орталықта жаңа туған нәрестелерге де көмек көрсетіледі: қажетті оталар жасалып, шала туған нәрестелер күтімі жүргізіледі және өмірінің алғашқы күндерінде анықталған аурулар емделеді.
Астанадағы болашақ Балаларға арналған шұғыл медициналық көмек орталығының макеті. Фото: Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) баспасөз қызметі
Орталық қанша пациентті қабылдай алады?
Орталық жылына 8 900-ге жуық пациентті қабылдай алады, бірақ әзірге бұл - алдын ала есептеулер.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының аумағында орналасуының арқасында жаңа балалар ауруханасы жедел жәрдем қызметімен және елорданың басқа да клиникаларымен тығыз іс-қимыл жасай алады.
Балалар бұл жерге жедел жәрдем көліктерімен және санитарлық авиация арқылы Астананың өзге ауруханаларынан, сондай-ақ Қазақстанның аймақтарынан жеткізіледі.
Бұған дейін біз Алматыда перзентхананың жаңа корпусы салынып жатқанын, ол ашылғаннан кейін қазіргімен салыстырғанда екі есе көп босанушыны қабылдай алатынын хабарлаған болатынбыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *