Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Париж маңындағы теракт: күдікті мұсылмандар мен африкалықтарды көздегенін мойындады

23 қазанда Париж маңында бір адам қаза тауып, жеті адам жараланған терактіге күдікті ер адам мұсылман немесе Африкадан шыққандар деп санаған адамдарға әдейі оқ жаудырғанын мойындады. Бұл туралы Францияның терроризмге қарсы прокуроры Оливье Кристен айтты, деп хабарлайда Tengrinews.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

"39 жастағы Кевин Т. мұсылман немесе африкалық, солтүстікафрикалық тектегі адамдарды әдейі көздегенін мойындады", - деді прокурор баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, шабуылшы Париж маңындағы Трапп қаласын "исламистер ұясы" деп санағандықтан таңдағанын айтқан. Прокурор "қылмыстық әрекет мұқият дайындалғанын" атап өтті.
Жауап алу кезінде күдікті шабуылды алдын ала жоспарлағанын мойындап, оқты кезекпен атқанын айтқан. Тергеу барысында ол қыркүйекте Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Sten үлгісіндегі тапанша-пулемет тиімділігін арттыру үшін бірнеше құрылғы сатып алғаны анықталды. Сондай-ақ ол полицияның жең белгісі мен кісенін сатып алған.
Қаза тапқан Пенго Боссио Ванги 26 жаста болған, ол Конго Демократиялық Республикасының тумасы. Жараланған жеті адамның арасында 11 жастағы қыз бар, қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен үш зардап шегуші әлі де ауруханада жатыр, олардың бірінің жағдайы ауыр.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде қару-жарақ жабдықтары, екі кастет, болат штык-байонет және дыбыс өшіргіш табылды. Сонымен қатар тергеушілер Құран, Інжіл және Адольф Гитлердің Mein Kampf кітабын тапты. Сондай-ақ ұлтшылдық ұрандары жазылған жапсырмалар анықталды.
Прокурордың айтуынша, жауап алу кезінде ер адам террористік акт жасау ниеті болғанын жоққа шығарып, өз іс-әрекетін "заңды" деп санайтынын айтқан.
Сондай-ақ ол балаларды өлтіргісі келмегенін айтып, 11 жастағы зардап шегушінің бойына қарап қателесуі мүмкін екенін алға тартқан. Соған қарамастан, ол жасаған ісіне "еш өкінбейтінін" мәлімдеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *