Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда “Халықтық құрылыс“ шығындарын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады

Мемлекет басшысы 28 қазандағы жыл сайынғы Жолдауында жарияланған "Халықтық құрылыс" бағдарламасын іске асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құруды қажет деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер, журналистер кіреді.", - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады. Бұл туралы ол Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
Мемлекет басшысы келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.

"Осы жылдың аясында әр облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салуға және жөндеуге белсенді түрде кірісеміз. Жолдар, әуежайлар, вокзалдар, денсаулық сақтау мекемелері, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысын бастаймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы барлық аймақта шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар және ғылыми орталықтар бой көтеру керек екенін атап өтті. Тұрғын үй салу маңызды міндет болып қала береді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *