Қазақстанда нөсер жауын жауып, күн суытады
Қарашаның басында Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: еліміздің басым бөлігінде құрғақ болады, батыста жаңбыр жауып, кейбір жерлерде ол нөсерге ұласады, ал шығыста қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Қазгидромет синоптиктері 3-5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанның батысында нөсер жауын жауады
Синоптиктердің болжамы бойынша 3-5 қарашада Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал етеді. Сондықтан бұл аймақтарда айтарлықтай жауын-шашын жаумайды.
Десе де 4 және 5 қарашада елдің батысына солтүстік-батыс циклоны ығысады. Соның әсерінен жаңбыр, ал кейбір аудандарда нөсер жауын болжанып отыр.
Сондай-ақ, батыста күндізгі ауа температурасы +13…+21 градустан +6…+19 градусқа дейін төмендейді.
Шығыста қар жауып, көктайғақ болады
Қазақстанның шығысында қолайсыз ауа райы ертерек басталады. 3 қарашада атмосфералық фронттар әсерінен жауын-шашын жауып, кей уақытта қар да жауады. Синоптиктер көктайғақ болатынын да ескертті.
Елдің оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы +13…+18 градустан +10…+15 градусқа дейін төмендейді. Республика бойынша жел күшейіп, түнде, таңертең тұман түседі.
Қазақстанда қарашада ауа райы қандай болады?
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылы қараша Қазақстанда климаттық нормадан жылы болады деп болжанып отырғанын, бірақ тұрғындарға тұрақты, жылы ауа райына сенудің қажеті жоқ екенін айтқан болатын. Ай бойы жаңбыр, жылбысқы қар жауып, ауа температурасы күрт өзгереді. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда кей күндері түнгі аяз 18 градусқа дейін жетуі мүмкін.