Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандық жас футболшылар Ташкенттегі турнирде жаппай ауруханаға түсті

Әлеуметтік желіде қарағандылық балалар футбол командасы қатысушыларының ата-аналары мәлімдеме жасады. Олардың сөзінше, Ташкенттегі (Өзбекстан) турнир кезінде балалар жаппай уланып, ауруханаға түскен. Қарағанды облысының спорт басқармасы бұл жағдайды растады, деп хабарлайды Tengri Sport.
Жеке командалар арасындағы Dostik Cup футбол турнирі Өзбекстан астанасында 28 қазан мен 2 қараша аралығында өтті. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан командалары қатысты.
Ата-аналардың айтуынша, 31 қазанда қонақүйдегі таңғы астан кейін бірнеше бала ауруханаға түсіп, екінші тәулік бойы бөлімшеде жатыр.

"Ташкентке жарысқа барған қарағандылық жас футболшылар ауырып қалды. Ата-аналардың мәліметінше, қонақүйдегі таңғы астан кейін 11 баланың іші ауырып, қызуы көтерілген. Ата-аналар балаларының жағдайына алаңдап, көмек пен ресми жауап күтіп отыр. Балалар неге ауырды? Бұған қонақүйдегі тамақтың қатысы бар ма? Қазір оларды емдеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?" - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Скриншот: threads.com/
Ата-аналардың бірі баласына бір күнде екі рет тамыр арқылы дәрі құйылғанын, ал ауруханаға жатқызылудың нақты себебін өздерінен жасырып отырғанын айтады.

"Бәрін вирус деп жапқысы келеді, бірақ бұл - жаппай улану!" - дейді ол.

Қарағанды облысының спорт басқармасы Қазақстаннан барған бірнеше қатысушы ауруханада жатқанын растады.

"Бұл турнирге Қарағанды облысының атынан Jas Batir, Nomad Akademiya және Skaue жеке футбол мектептері (клубтары) үш жас санаты бойынша (2019, 2018 және 2014 жылы туған балалар) қатысты. Командалардың жарысқа бару шығыны жеке қаражат есебінен төленген. Қазір 16 бала, бір жаттықтырушы және 11 ата-ана ауруханаға жатқызылып, №5 қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр", - деді басқарма өкілдері.

Tengri Sport осы жағдайға байланысты Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдады.

"ҚР СІМ Ташкенттегі Dostlik Cup 2026 халықаралық футбол жарысына қатысушы бірқатар азаматтың денсаулығы кенет нашарлауына қатысты оқиғадан хабардар. Көмекке мұқтаж Қазақстан азаматтары Өзбекстан Республикасының мамандандырылған медициналық мекемелеріне жатқызылды, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазақстандық дипломаттар зардап шеккендердің туыстарымен және медициналық мекемелермен байланыста отыр, сондай-ақ, бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстайды", - деді ведомство өкілдері.

Сәтбаев неге тағы да құрама сапында ойнамайды – жаттықтырушының түсіндірмесі

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *