Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

6,5 триллион теңге бөлінуі Қазақстандағы бағаға қалай әсер етеді? Үкімет түсіндірді

Ұлттық қордан "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінетін 6,5 триллион теңге инфляцияға әсер етуі мүмкін. Үкімет отырысында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин бұл қаражат баға өсіміне қаншалық ықпал ететінін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
6,5 триллион теңге инфляцияға қалай әсер етеді?
Әмриннің айтуынша, Үкімет Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың инфляцияға ықпалын бағалаған. Есепке сәйкес бұл қаржының баға өсіміне айтарлықтай әсері болмайды.

"Құрылысқа 6,5 триллион теңге бөлінеді. Биыл және келесі жылы нысаналы трансферт ретінде 2 триллион теңгеден қарастырылған. Ал 2028 және 2029 жылдары 1,5 триллион теңгеден бөлінеді. Осы қаражаттың инфляцияға әсері 12 ай ішінде 0,8 пайыз тармақтан аспайды", - деді вице-министр.

Шенеунік зерттеу нәтижелеріне де тоқталды. Соған сәйкес елдегі ақша көлемі 10 пайызға артса, екі жыл ішінде инфляция 1 пайыз тармаққа өседі.
Алайда Қазақстандағы жалпы ақша көлемі 56,2 триллион теңге екенін ескерсек, 1,5 триллион теңге - салыстырмалы түрде аз сома. Сондықтан Азамат Әмрин бұл қаражат инфляцияға айтарлықтай әсер етпейді деген пікірде.
Триллиондар қайда жұмсалады?
Қазақстанның Ұлттық қорынан инфрақұрылымды жаңғыртуға және ауқымды құрылысқа 6,5 триллион теңге бөлінеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеді.
Бұған дейін Ұлттық қордан бөлінетін ақша тағы қайда жұмсалатынын жазған едік. Бұл тізімде маңызды жобалар, соның ішінде ауруханалар мен медициналық орталықтар, мектептер, балабақшалар, басқа да нысандар бар.
Қазақстанда инфляция бәсеңдеп келеді
Азамат Әмрин Қазақстанда инфляция біртіндеп төмендеп жатқанын мәлімдеді. Былтыр ол 12,6 пайызға жетсе, 2026 жылы тоғыз айдың қорытындысы бойынша 9,2 пайыз болды.
Бірінші вице-министрдің айтуынша, инфляция баяулауына азық-түлік арзандауы да септігін тигізген. Тамыз, қыркүйек және қазанда олар айына 0,1 пайызға арзандап отырған.
Көктем мен жазда кейбір коммуналдық тарифтер көтерілуі инфляцияға 0,47 пайыз тармақ қосты.
Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі алдағы үш жылға арналған инфляция болжамын жариялаған болатын. 2027 жылы Қазақстандағы инфляция 7,5-9,5 пайыз болуы мүмкін.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *