Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

17 қараша туралы хабарламалар жұртты алаңдатты: ТЖМ не дейді?

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі қарашада болуы мүмкін апат туралы ешқандай ескерту жарияламағанын мәлімдеді. Сонымен қатар ведомство қазақстандықтарға неге үйде үш тәулікке жететін су, азық-түлік және қажетті заттар қорын сақтау ұсынылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ үрейлі хабарламаларға жауап берді
Кейінгі апталарда әлеуметтік желілерде түрлі елдердің үкіметтері азаматтарды азық-түлік жинап, ауқымды апатқа дайындалуға бір мезгілде шақырғаны туралы жазбалар тарап жатыр. Бұл жарияланымдарға 17 қарашада банктер мен интернет жұмысында іркілістерге әкелетін жаһандық кибершабуыл болады делінген болжамдар қосылды.
Редакция сауалына берген жауабында Қазақстан ТЖМ қараша айындағы төтенше жағдай туралы ведомство ешқандай ескерту таратпағанын хабарлады.

"ТЖМ халыққа азық-түлік, су және дәрі-дәрмек қорын шұғыл жинақтау қажеттілігі туралы болжамды қауіп-қатерлер немесе төтенше жағдайлар жөнінде ресми ескертулер таратқан жоқ", - деп мәлімдеді министрлік.

Қазақстандықтарға 72 сағаттық қор не үшін қажет?
Бұл ретте ТЖМ үйде қажетті заттар қорының болуы туралы ұсыныстың расында да бар екенін түсіндірді. Алайда ол алдын алу сипатында және қандай да бір нақты қауіппен байланысты емес.

"Үш тәулікке (72 сағатқа) бірінші кезекте қажетті заттар қорын алдын ала жасақтау – халықтың ықтимал төтенше жағдайларға, оның ішінде жер сілкіністері мен су тасқынына дайындық кезінде ұсынылатын шаралардың бірі", - деп атап өтті ТЖМ.

ТЖМ ұсыныстарына сәйкес, ең алдымен ауыз су мәселесін ойластырған жөн. Оны тәулігіне бір адамға шамамен үш литр есебінен есептеу ұсынылады. Мысалы, төрт адамнан тұратын отбасыға үш күнге шамамен 36 литр су қажет болады.
Сондай-ақ үйде мына заттардың болғаны абзал:

консервілер, кептірілген нан, нан өнімдері, жармалар және басқа да ұзақ сақталатын өнімдер;
алғашқы көмек қобдишасы, таңғыш материалдар және отбасы мүшелеріне қажетті дәрі-дәрмектер;
құжаттар мен қолма-қол ақша;
телефондар, қуаттағыш құрылғылар және пауэрбанк;
қолшам және жылы киім.

Қарашада алаңдауға негіз бар ма?
ТЖМ ведомство жағдайды тәулік бойы бақылап отырғанын және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп азаматтардың қауіпсіздігі мәселелерін қадағалайтынын баса айтты.
Бұл ретте қазақстандықтарға қауесеттер мен тексерілмеген жарияланымдарға сенбеуге кеңес беріледі.
Өзекті ақпаратты әрқашан ТЖМ ресми сайтынан, 112 Telegram-арнасынан және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшаларынан табуға болады. Сондай-ақ Қазгидромет пен басқа да мемлекеттік органдардың хабарламаларын қадағалап отырған жөн.
Егер төтенше жағдай болып, көмек қажет болса, 112 нөміріне хабарласыңыз.
Еске салсақ, қазан соңында әлеуметтік желілерде қараша айында ауқымды апат болатыны туралы хабарламалар тарала бастады. Tengrinews.kz бұл хабарламаларды тексеріп, үрейлі жазбалардың артында шын мәнінде не тұрғанын және алаңдауға негіз бар-жоғын анықтады. Бұл туралы толығырақ осы материалдан оқи аласыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *