Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ташкентте жас футболшылар уланып қалды: тағы бір бала ауруханаға түсті

Ташкенттегі Dostlik Cup 2026 халықаралық футбол турниріне қатысушылардың жаппай денсаулығы сыр беруіне байланысты сегіз Қазақстан азаматы, оның ішінде алты бала әлі де қалалық медициналық мекемелерде ем қабылдап жатыр. Жалпы алғанда 18 қазақстандық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Tengri Sport Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігіне сілтеме жасап.
Тағы бір бала ауруханаға түсті
Елшілік мәліметінше, 2 қараша күні кешке Ташкенттің жұқпалы аурулар ауруханасына тағы бір бала жатқызылған. Осылайша, ауруханаға түскен қазақстандықтардың жалпы саны 18 адамға жетті. Олардың арасында 12 бала және алты ересек адам бар.
3 қарашадағы жағдай бойынша, емдеу курсынан кейін денсаулығы жақсарған 10 пациент - алты бала мен төрт ересек адам ауруханадан шығарылды.
Қазақстанның тағы сегіз азаматы - алты бала мен екі ересек адам Ташкенттің медициналық мекемелерінде қалып отыр. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланған, барлық пациент қажетті көмек алып, дәрігерлердің бақылауында.
13 қазақстандық отанына оралды
Елшіліктің қолдауымен Қазақстанның 13 азаматы үйлеріне қайтты.

"Осылайша, спорттық жарыстарға қатысу үшін Ташкентке келген Қазақстан Республикасының 95 азаматының 12-сі Өзбекстан аумағында қалып отыр (оның сегізі емделуді жалғастырып жатыр)", - делінген хабарламада.

Қазақстандық футболшыларға не болды?
Еске сала кетейік, Ташкенттегі Dostlik Cup 2026 футбол турниріне қатысушылардың жаппай денсаулығы сыр бергені туралы 1 қарашада белгілі болды. Турнирге Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген командалар қатысқан. Қарағанды облысының намысын үш жекеменшік футбол мектебінің тәрбиеленушілері қорғады.
Қарағандылық футбол командасы қатысушыларының ата-аналарының айтуынша, балалар 31 қазан күні қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін өздерін жайсыз сезінген. Жас футболшылардың іші ауырып, дене қызуы көтерілген. Кейбіріне тамшылатқыш салу қажет болды. Ата-аналар мұның себебі тағамнан улану болуы мүмкін деп болжайды.
Кейінірек Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі 19 адамның медициналық көмекке жүгінгенін, оның 17-сі ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.
Тағы оқыңыз: Ташкентте жас футболшылар уланды: Қазақстандағы ауруханаларда төсек-орын дайындалды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *