Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қару-жарақ, ақша және мыңдаған құты: ІІМ ауқымды арнайы операция өткізді

Қазақстан ІІМ күшті әсер ететін препараттардың заңсыз айналымымен айналысқан топтардың жолын кесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Қазанда бірнеше өңірде өнім жеткізу арналары мен оларды өткізудің заңсыз схемалары жойылғаны хабарланды. Көкшетау, Щучинск қалаларында және Бурабай курорттық аймағында препараттарды жеткізу мен таратуды жолға қойған қылмыстық топ мүшелері бір мезетте ұсталды.

"Барлығы 11 күдікті ұсталды, олардың арасында фармацевтикалық компаниялардың иелері мен қызметкерлері, курьерлер және басқа да адамдар бар. Тінту барысында 50 мыңнан аса "Тропикамед" препаратының құтысы және тағы 4 мыңға жуық осыған ұқсас заттар тәркіленді. Сонымен қатар атыс қаруы, оқ-дәрілер, бірнеше автокөлік, ірі көлемде ақша, соның ішінде шетел валютасы табылып, алынды", - делінген материалда.

Осыған ұқсас іс-шаралар Қарағанды және Теміртау қалаларында да жүргізіліп, жергілікті криминал өкілдерінен құралған 10 адамдық топ ұсталды. Олардың Қарағанды облысының аумағында күшті әсер ететін психотроптық препараттарды сатуға қатысы бар екендігі туралы дәлелдемелер жиналды.
Тінту барысында психоактивті заттар, травматикалық және суық қару табылып, тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мұндай қылмыстар қоғамға үлкен қауіп төндіреді және адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін, деп атап өтті ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде күшті әсер ететін препараттарды заңсыз таратудың бірнеше арнасының қызметі тоқтатылып, қауіпті өнімдердің едәуір көлемі заңсыз айналымнан алынды және олардың халық арасында одан әрі таралуына жол берілмеді", - деп түйіндеді ол.


Тағы оқыңыз: Есіктегі жіп пен сызат: ІІМ “ұрылар белгі салып кететіне“ қатысты не дейді?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *