Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда миллиард теңгеге заңсыз криптобизнес ұйымдастырғандар сотталды

Қызылорда облысында заңсыз криптоайырбастау орнын ұйымдастырушылар сотталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Схема қалай жұмыс істеген?
Тергеу барысында сотталғандардың Binance P2P-платформасы арқылы "Астана" халықаралық қаржы орталығының сауда алаңдарынан тыс жерде, тиісті рұқсатсыз криптовалютамен заңсыз сауда жасағаны анықталды.
"Осылайша олар 1 миллард теңгеден аса сомаға цифрлық активтер сатқан. Криптовалютаны заңсыз айырбастаудан түскен табыс 178 млн теңгеге жеткен. Сонымен қатар сотталғандардың бірі есірткі сатудан түскен ақшаны заңдастырумен айналысқан. Ақшаны қабылдау және басқа шоттарға аудару үшін өздерінің банк шоттарын пайдалануға берген адамдарды (дропперлерді) тартқан", - деп хабарлады ведомство.
Мұндай аударымдардың жалпы сомасы 600 миллион теңгеден асқаны нақтыланды.

"Түскен ақша криптовалютаға айырбасталып, есірткі саудагерлерінің криптоәмияндарына жіберілген. Тергеу анықтаған мұндай аударымдардың жалпы көлемі 277 мың USDT-ге жеткен. Сотталғандар қылмыстық жолмен тапқан ақшасына жүк көліктері мен тіркемелер сатып алып, оларды жақын туыстарының атына тіркеген. Кейін бұл көліктерді кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып, заңды тұлғаларға жалға берген", - деп мәлімдеді ҚМА.

Сот шешімі
Сот үкімімен оларға 3 және 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, мемлекет пайдасына 4 арнайы техника, сондай-ақ 1 миллиард теңгеден аса қылмыстық табыс тәркіленді. Үкім заңды күшіне енді.
Еске сала кетейік, қараша басында Ақтөбеде есірткі сататын интернет-дүкен үшін төлемдер қабылдауды және ақша аударуды қамтамасыз еткен топтың қызметі тоқтатылған болатын. Схемаға қатысушылар тәулік бойы жұмыс істеп, өзгенің банк карталарын пайдаланған және түскен пайданы криптовалютаға айналдырған. Операциялардың жалпы сомасы 400 миллион теңгеден асты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *