Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Иран Пашинянды сынға алып, Трамп пен оның одақтастарының “аяғын сындырамыз“ деп сес көрсетті

Егер АҚШ Арменияға қатысты "қызыл сызықты" аттап өтетін болса, Иран қатаң жауап қайтарады. Бұл туралы Ислам Республикасының Жоғарғы көшбасшысының халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Велаяти мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz РБК басылымына сілтеме жасап.
Ол Армения премьер-министрі Никол Пашинянды сынға алып, оны Батысқа "тәуелділікті арттырды" деп айыптады. Оның айтуынша, бұл қадамның соңы "тек Арменияның іріткісіне және проблемалардың туындауына әкеп соқтырады".
Иран көшбасшысының кеңесшісі Ереванның саясаты "Оңтүстік Кавказдағы қастандық пен шиеленістің жаңа тарауын ашады" деп мәлімдеді. Велаяти Зангезур дәлізінің атауын "Трамп бағыты" деп өзгерту жоспарын ерекше атап өтті.

"Мен Армения елшісіне ашық әрі нақты айттым: егер Трамп пен оның одақтастары Иранның осы "қызыл сызығынан" өтуге әрекеттенсе, біз олардың аяғын сындырамыз. Өткен апта соңында Армения парламенті бұл дәліздің құрылысын мақұлдады. Бұл нені білдіреді?!"- деп жазды Велаяти ирандық Ettela'at газетіне арналған бағанында.

Иран көшбасшысының кеңесшісі Тегеран ежелгі дәуірден бері Иранның қауіпсіздік буфері саналатын Оңтүстік Кавказдағы қауіпсіздікті сақтауға жауапты екенін атап өтті.
Зангезур дәлізі (АҚШ-та бұл жоба TRIPP аббревиатурасымен аталған) - Әзербайжанның негізгі бөлігі мен республикадан Арменияның ең оңтүстігіндегі Сюник облысы арқылы бөлініп жатқан Нахчыван аймағы арасындағы бағыт. Өз кезегінде Нахчыван Әзербайжанның одақтасы - Түркиямен шектеседі.

Қазан соңында Армения парламенті АҚШ-пен TRIPP жобасы бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді ратификациялады. Иран бұл келісімге және дәліздің атауын өзгертуге қарсы шығып отыр.
2025 жылдың тамызында Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев АҚШ президенті Дональд Трамптың араағайындығымен бейбіт келісімге қол қойды. Сондай-ақ тараптар Арменияның Сюник облысы арқылы өтіп, Әзербайжанның негізгі аумағын Нахчыванмен байланыстыратын "Трамп бағытын" (TRIPP) құру туралы уағдаласты.
Велаяти сол кезде Зангезур дәлізі "Трамптың меншігіндегі транзиттік жол емес, оның жалдамалыларының зираты болады" деп мәлімдеген еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *