Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Көпқабатты үйдің ауласына шлагбаум мен бейнекамераны қалай орнату керек? Заңгер түсіндірді

Мамандар қазақстандықтарға заң талаптарын бұзбай, көпқабатты үйлердің кіреберісіне бейнебақылау камерасын, ал ауласына шлагбаумды қалай орнатуға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengri Home КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Егер шлагбаум көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ аумағына орнатылатын болса, алдымен пәтер иелерінің жалпы жиналысын өткізу қажет. Ол үшін тұрғындардың шамамен 70 пайызының келісімін алып, шешімді ресми хаттамамен бекіту керек. Шлагбаумды пайдалану құқығы үйдің барлық тұрғынына берілуге тиіс. Оны орнатуға қарсы болған немесе ақша жинауға қатыспаған тұрғындардың да аулаға еркін кіріп-шығуына жағдай жасалуы қажет.

"Өрт шыққанда немесе біреу жедел жәрдем шақырғанда, шлагбаум арнайы қызмет көліктерінің дабылына автомат түрде ашылуы керек. Ал тұрғын үй кешені немесе көпқабатты үй үлкен болса, күзет бекеті болғаны жөн. Қажет жағдайда күзетшілер шлагбаумды қолмен аша алуға тиіс", – деп түсіндірді Алматы қаласы Алмалы ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас инспекторы Керімхан Әбдірахман.


Кіреберіске немесе аулаға бейнебақылау камераларын орнату үшін де пәтер иелерінің көпшілігі келісім беруі қажет. Бұл шешім жалпы жиналыстың хаттамасында көрсетілуге тиіс. Сондай-ақ, жиналыста бейнежазбаларды кім көре алатыны анықталады. Камераларды сатып алу, орнату және күтіп ұстау шығындарын тұрғындардың өздері көтереді. Алайда бейнебақылау құрылғылары тек бейне түсіруге арналған болуы керек.

"Ескеретін маңызды жайт – камера тек бейнені жазуға тиіс. Дыбыс жазуға тыйым салынған. Камерада дыбыс жазатын құрылғы болса да, оны бірден өшіру қажет. Өйткені дербес деректерді қорғау туралы заңға сәйкес, дыбысты жазуға болмайды", – деді заңгер Анна Юдина.


Егер камера дыбысты да жазып тұрса, тұрғындар полицияға арыздана алады. Кіреберіске жеке бейнебақылау камерасын орнатуға да белгілі бір шектеулер қойылған. Ол үшін бір қабатта тұратын көршілердің келісімін алу жеткіліксіз, камераның нені түсіріп тұрғанына да мән беру керек. Камера тек өз пәтеріңіздің кіреберіс есігіне бағытталуға тиіс. Көршілердің есігін түсіруге, олардың үйінен қашан шығып, қашан кіретінін бақылауға тыйым салынады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *