Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Уақыт кетті“: біреулер Еуропадағы телеарналардың редакцияларын жарып жібереміз деп қорқытты

Жұмада Еуропадағы бірнеше телеарнаның редакциясына ғимараттарға жарылғыш зат қойылғаны туралы электрон хаттар келіп түсті. Хаттарда "Уақыт кетті" деген ескерту жазылған. Осыған байланысты қызметкерлер қауіпсіз жерге көшіріліп, телеарналардың хабар таратуы уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz DW басылымына сілтеме жасап.
DW басылымы бұл туралы Reuters агенттігінің мәліметіне сүйеніп жазды.
Қоқан-лоқы жасалған хаттар Ирландияның RTE телерадиокомпаниясына, Ұлыбританияның Sky телеарнасына, Болгарияның жекеменшік Nova арнасына және басқа да ақпарат құралдарына жіберілген. Алайда тексеру барысында олардан жарылғыш зат табылмады.
Қауіп туралы хабар түскеннен кейін RTE телеарнасы бағдарламаларын тоқтатып, эфирге музыка мен алдын ала жазылған хабарламаны шығарған. Кейбір телеарналар үш сағатқа дейін хабар тарата алмаған.
Reuters агенттігі Nova және RTE редакцияларына жіберілген хаттың үзіндісін жариялады.

"Біз туралы бүкіл әлем білгенін қалаймыз. Сондықтан біздің адамдарымыздың бірі ғимараттарыңызға жарылғыш зат орнатты. Ол 45 минуттан кейін жарылады. Уақыт кетті", - говорилось в тексте.


Әзірге жалған ақпарат таратып, қоқан-лоқы жасағандардың кім екені белгісіз. Дегенмен RTE мен Nova редакцияларына жолданған хаттарға "Михаил Андропов" деген адамның аты-жөні қойылған. Оның тегі кезінде Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы болған Юрий Андроповтың тегімен сәйкес келеді.
Бұл оқиғалар Еуропа елдері арасындағы кемінде 19 әуе рейсіне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарламалар тарағаннан кейін бір тәулік өткенде болды. Атап айтқанда, Австрия, Бельгия, Болгария, Испания, Италия және басқа да елдер арасындағы рейстерге қауіп төнгені хабарланған. Алайда ұшақтарды тексеру кезінде олардың ешқайсысынан жарылғыш заттың ізі табылмады.

Sky's security correspondent Tom Cheshire looks at whether authorities are reacting in the right way after a spate of threats made on airlines and other companies. https://t.co/xsNHcGYk1X
— Sky News (@SkyNews) November 6, 2026
Кейбір ұшақтар бағытын өзгертіп, басқа қалаларға қонуға мәжбүр болған. Мәселен, Ирландияның Aer Lingus әуе компаниясының Дублиннен Римге бағыт алған ұшағы бомба туралы хабарламадан кейін Францияға бұрылып, Парижден шамамен 100 шақырым жердегі әскери әуеайлаққа қондырылған.
Ал Ирландия премьер-министрі Михол Мартин Еуропаның арнайы қызметтері телеарналар мен әуе рейстеріне жасалған қоқан-лоққылардың алдын ала ұйымдастырылған ортақ әрекет екенін әзірге анықтай алмағанын мәлімдеді.

"Мұндай тосын әрекеттер арқылы қоғамның қалыпты тіршілігін бұзып, жұртты дүрліктірудің қаншалық оңай екенін көріп отырмыз. Мұндағы мақсат – бейберекеттік туғызып, адамдардың бойына үрей мен алаңдаушылық ұялату", - сказал Мартин.

Қазір Ирландия Еуропалық Одақ Кеңесіне төрағалық етіп отыр. Осыған байланысты шілде айынан бері елде еуропалық көшбасшылардың қатысуымен бірқатар кездесу өтіп келеді. Келесі аптада олар Дублинде Еуропалық саяси қауымдастықтың отырысына және ЕО елдерінің мемлекет және үкімет басшыларының бейресми кездесуіне жиналады.
Бұл Ирландия тарихындағы осындай деңгейде өтетін ең ауқымды жиын болмақ. Бейсенбі және жұмада ұйымдастырылатын кездесулерге Еуропаның 50-ге жуық көшбасшысы мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады деп күтіліп отыр.
The New York Times басылымының мәліметінше, былтыр Дания Еуропалық Одақ Кеңесіне төрағалық еткен кезде де қауіпсіздікке қатысты оқиғалар тіркелген. Атап айтқанда, елдің әуе кеңістігіне ұшқышсыз ұшу аппаратының кіргені хабарланған.
Ирландия билігі ықтимал қауіптердің алдын алуға дайын екенін мәлімдеді. Полицияның мәліметінше, келесі аптада Дублинде өтетін кездесулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұрын-соңды болмаған көлемде күш жұмылдырылады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *