Тоқаев пен Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон рәсімдік лентаны қиды. Содан соң Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Мемлекеттер басшыларына Тәжікстан елшілігінің ғимараты туралы ақпарат беретін бейнеролик көрсетілді. Содан кейін олар дипломатиялық өкілдікті аралап көрді.
Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына ізгі тілегін жазды. Кейін қос президент елшілік аумағына ағаш көшетін екті.
Осылайша Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонның елімізге ресми сапары аяқталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайынан шығарып салды.
Фото: Ақорда