“Мыңдаған көбелек“: Apple Қазақстанда түсірілген роликке тәнті болды
Көп қаралған видео
Кристинаның айтуынша, видеода Алтай тауларындағы атпен серуендеу сәті бейнеленген. Ол сол жерден көбелектер пілләдан шыға бастаған кезде өткен.
"Бір сапар оқиғасы". Кристина Мышкинаның iPhone-ына түсірілген", - делінген әлемдік алпауыт жарияланымында.
Instagram-дағы бұл жазбаны көру
apple (@apple) бөліскен жазба
Пікір қалдырушылар бейнежазбадағы көріністің әсемдігіне тәнті болып, осындай табиғатты өз көздерімен көргісі келетіндерін жазған.
"Керемет көрініс!", "Бұл таңғаларлық! Ол жерге қалай баруға болады?", "Болды, қызығып кеттім. Мен де ол жерде болғым келеді!" - деп атап өтті желі қолданушылары.
Видео авторы не деді?
Роликті Алматыда туып, Бельгияда өскен 29 жастағы Кристина Мышкина түсірген. Кадрлар осы жылдың маусымында, қыз Риддерде болған кезде түсірілген.
Оның айтуынша, Apple мүддесін білдіретін агенттіктің маркетинг өкілі онымен қыркүйекте байланысқа шыққан.
"Мен құпияны жарияламау туралы келісімге қол қойып, өзім және видео туралы бірнеше сұраққа жауап бердім. Осыдан кейін маған материал қарашада шығуы мүмкін екенін хабарлады. Кейін бұл туралы ұмытып та кетіппін. Бірақ, әрине, жарияланымды көру мен үшін қуанышты әрі күтпеген жағдай болды", - деді ол.
"Қазақстан қайта шақырды": көшіп келу оқиғасы
Кристина Қазақстанда дүниеге келгенімен, балалық және жастық шағы ата-анасымен бірге көшіп кеткен Бельгияда өткен. Бірақ бір күні қыз туған жерге оралуға бел буады.
2022 жылы ол құрбысымен бірге Қазақстанға саяхаттап, туыстарын көру үшін келген. Бастапқыда қыз елде бір ай болуды жоспарлап, үш айға қалып қойған.
"Кейін қыста Бельгияға қайттым, ал көктемге қарай Қазақстанға жарты жылға келдім. 2024 жылға қарай мен мұнда Бельгияға қарағанда көп уақыт өткізе бастадым. Ол жаққа енді демалысқа ғана барамын", - деді Кристина.
Ақыры қыз бұрынғы қашықтан істейтін жұмысын тастап, өзін толықтай жеке ісіне арнау үшін Қазақстанға көшіп келген.
"Мұнда өмір сүру қызықты: тауларды, аттарды, табиғатты және осы жерде айналысып жатқан ісімді жақсы көремін. Мені жан дүниемнің қалауы жетелеп келді десе де болады", - деп бөлісті ол.
Айта кетейік, бұл әлемдік алпауыттар қазақстандық авторлардың жұмысын жариялаған алғашқы жағдай емес. 2025 жылы аяғында Instagram ресми аккаунты әлемге Қазақстанның сұлу табиғатын паш етіп, видео жариялады. Роликтің авторы қазақстандық видеограф Дастан Мұхамедрахым болып шықты.
Тағы оқыңыз: “Осы жерде тұрғым келеді“: Биыл жазда баруға тұрарлық Шығыс Қазақстан облысындағы 6 орын