Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Испанияда миллиондаған адам жалақыны көтеруді, қолжетімді баспананы талап етіп, көшеге шықты

Испанияда кейінгі 14 жылдағы ең ірі жалпыұлттық ереуіл өтті, миллиондаған адам баспана бағасының өсуіне және отбасылық бюджетке түсетін салмаққа наразылық білдіріп, көшеге шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Бүкіл ел бойынша наразылық шараларына төрт миллионға жуық адам қатысқан, акцияны елдегі ықпалды екі кәсіподақ – UGT мен CCOO қолдады. Бұл – 2012 жылдан бері болған алғашқы жаппай ереуіл.
Ресми деректерге сүйенсек, Мадридте шеруге 120 мыңға жуық адам шыққан. Алайда жалға алушылар одағының ұйымдастырушылары қатысушылар санын әлдеқайда жоғары – 400-500 мың адам деп бағалады.
Акцияға студенттерден бастап зейнеткерлерге дейінгі түрлі буын өкілдері қатысты. Наразы топ үй кілттерін жоғары көтеріп, жалдау ақысының қымбаттығына, ірі инвестициялық қорлар мен жылжымайтын мүлік агенттіктеріне қарсы ұрандар тастады.
Осындай жаппай наразылық шаралары Барселона, Валенсия, Аликанте, Сарагоса, Виго, Сантьяго-де-Компостела және елдің басқа да қалаларында өтті.
Орталық банктің мәліметінше, Испаниядағы баспана тапшылығы шамамен 750 мыңды құраған, ал 2028 жылға қарай ол миллионнан асады. Жалдау ақысы күрт қымбаттаған: жастар ісі жөніндегі кеңестің деректері бойынша, орташа құн 1176 еуроны құрайды – бұл жас маманның орташа айлық жалақысының шамамен 98,7 пайызына тең.

"Жасым 36-да, бірақ әлі күнге дейін ата-анаммен бірге тұрамын. Жалдау ақысы да, үй бағасы да өсіп барады, бұған шыдау мүмкін емес", - деді Мадрид тұрғыны Хесус Гонсалес.

Акциялар салдарынан 300-ге жуық әуерейсі және жүйрік пойыздар рейстерінің төрттен біріне жуығы тоқтатылды. Кейбір қалаларда наразылық полициямен қақтығысқа ұласты: 476-ға жуық оқиға тіркеліп, 40-қа жуық адам ұсталды.
Барселонада наразылық білдірушілер тәртіпсіздіктер мен қиратулар жасап, контейнерлерді өртеді. Бір топ адам RTVE телеарнасының студиясына басып кіріп, жаңалықтар бағдарламасының басталуына кедергі келтірген: бетперде киген 50-ге жуық наразылық білдіруші камералар алдына "Өмір біздің өмірімізді жалмамауы тиіс" деген транспарантпен шыққан. Көп ұзамай олар ғимараттан кетіп, хабар тарату қайта жалғасқан.
Ереуіл Испанияда 29 қарашаға белгіленген кезектен тыс парламенттік сайлауға үш аптадан аз уақыт қалғанда және сайлау алдындағы науқанның ресми басталуына небәрі екі күн қалғанда өтіп жатыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *