Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Көлік бейнеленген жол белгілерін қалай есте сақтауға болады? Жүргізушілерге нұсқаулық

Қазақстан жолдарында автомобиль бейнеленген белгілер аз емес. Олардың кейбірі белгілі бір көліктің жүруіне тыйым салса, енді бірі шектеу қай көліктерге қатысты екенін көрсетеді, ал үшіншілері дұрыс тұраққа қоюға көмектеседі. Tengri Auto шатаспау үшін және бірнеше негізгі принципті есте сақтау үшін нұсқаулық дайындады.
Алдымен пішіні мен түсіне назар аударыңыз
Егер белгіде автомобиль бейнеленсе, тек кескіннің өзі емес, оның қандай пішінге салынғаны да маңызды.
3.5 "Мотоциклдердің қозғалысына тыйым салынады" белгісі / Фото: depositphotos.com
Мысалы, автомобиль бейнеленген қызыл шеңбер әдетте көліктің белгілі бір түрінің жүруіне тыйым салынғанын білдіреді. Мұндай белгілерге мыналар жатады:

3.3 "Механикалық көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады" - механикалық көлік құралдарының жүруіне тыйым салады. Бұл тек жеңіл немесе жүк көліктеріне емес, одан да ауқымды шектеу саналады.
3.4 "Жүк автомобильдерінің қозғалысына тыйым салынады" - егер белгіде басқа салмақ көрсетілмесе, рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк көліктері мен көлік құрамдарының жүруін шектейді. Сондай-ақ бұл тыйым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарға да қатысты. Дегенмен, ерекшеліктер бар: мысалы, белгі бортында көлбеу ақ жолағы бар немесе адам тасымалдауға арналған жүк көліктерінің жүруіне тыйым салмайды.
3.5 "Мотоциклдердің қозғалысына тыйым салынады" - мотоциклдер мен мопедтердің жүруіне тыйым салады.
3.6 "Тракторлардың қозғалысына тыйым салынады" - тракторлар мен өздігінен жүретін машиналардың жүруіне тыйым салады.
3.7 "Тіркемесі бар көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады" - жүк көліктері мен тракторлардың кез келген түрдегі тіркемемен жүруіне, сондай-ақ механикалық көлік құралдарын сүйретуге тыйым салады.

Оларды мына принцип бойынша есте сақтау оңай: қызыл шеңбер - шектеу, ал ішіндегі бейнеленген көлік - бұл шектеудің нақты кімге қатысты екенін көрсетеді.
Автомобиль қосымша тақтайшада бейнеленсе
Бөлек санат - негізгі жол белгілерінің астында орналасатын автомобиль бейнеленген тақтайшалар. Олар өздігінен әрекет етпейді, тек өздері орнатылған негізгі белгінің қолданылуын нақтылайды немесе шектейді.
"Көлік құралының түрі" белгісі / Фото: depositphotos.com
Мысалы, 7.4.1–7.4.8 "Көлік құралының түрі" тақтайшалары негізгі белгінің нақты қандай көлікке қатысты екенін көрсетеді.
Мұнда бірнеше белгіні есте сақтау маңызды:

7.4.1 - рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк автомобильдері, соның ішінде тіркемесі барлары;
7.4.3 - жеңіл автомобильдер, сондай-ақ рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері;
7.4.8 - "Қауіпті жүк" тану белгілерімен жабдықталған көлік құралдары.

Сондай-ақ кері мағынадағы 7.4.9–7.4.14 "Көлік құралының түрінен басқа" тақтайшалары да бар. Олар шектеудің қай көлікке қолданылмайтынын көрсетеді.
Сондықтан егер тыйым салу белгісінің астында жүк көлігі бейнеленген тақтайша тұрса, бұл шектеу нақты осы санаттағы көлікке қатысты екенін білдіреді. Ал егер тақтайшада "басқа" деген сөз немесе тиісті ерекшелік белгісі болса, белгіні оқығанда оны ескеру қажет.
Белгі бойынша тұраққа қоямыз
Автомобиль бейнеленген белгілердің тағы бір тобы тұраққа байланысты. Бұл жерде 7.6.1–7.6.18 "Көлік құралын тұраққа қою тәсілі" тақтайшалары туралы сөз болып отыр.
Параллель тұрақ белгісі / Фото: depositphotos.com
Олар жүргізушінің көлікті тұрақта қалай қалдыруы керектігін көрсетеді: жиекжолға (тротуарға) параллель, перпендикуляр немесе бұрышпен. Мысалы:

7.6.1 барлық көлік құралдары жүру бөлігінде жиекжолдың бойына - оған параллель;
7.6.2–7.6.18 жеңіл автомобильдер мен мотоциклдерді жиекжол маңындағы тұраққа қоюдың әртүрлі тәсілдерін көрсетеді.

Мұндай тақтайшалар 5.15 "Тұрақ орны" белгісімен бірге қолданылады. Сондықтан, автомобиль бейнеленген тұрақ белгісін көргенде, тек бос орынның бар-жоғына ғана емес, көлікті нақты қалай қоюға рұқсат етілгеніне де назар аударған жөн.
"Автомобильдерге арналған жол" белгісін ұмытпаңыз
Автомобиль бейнеленген ақпараттық-нұсқаулық белгілер де бар. Мысалы, 5.3 "Автомобильдерге арналған жол" белгісі тек автомобильдер мен мотоциклдердің қозғалысына арналған жолды білдіреді. 5.4 "Автомобильдерге арналған жолдың аяқталуы" белгісі мұндай қозғалыс режимінің аяқталғанын хабарлайды.
5.3 "Автомобильдерге арналған жол" белгісі / Фото: depositphotos.com
Бұл жерде автомобиль бейнесі тыйымды немесе тұрақ шектеуін білдірмейді - ол жолдың ерекше режимін көрсетеді.
Қалай тез есте сақтауға болады?
Барлық кескінді жеке-жеке жаттамау үшін қарапайым схеманы қолдануға болады:

Қызыл шеңбер - тыйымды білдіреді. Ішінде қандай көлік бейнеленгеніне назар аударамыз: жүк көлігі, мотоцикл, трактор немесе басқа көлік түрі.
Белгі астындағы шағын тақтайша - іс-қимылды нақтылайды. Ол шектеудің қай көліктерге қолданылатынын немесе кімдер үшін ерекшелік жасалғанын көрсетеді.
Тұрақ тақтайшасындағы автомобиль - оның орналасуына қараймыз. Көлікті тротуарға қатысты қалай қою керектігін дәл осы кескін нұсқайды.
Көк түсті ақпараттық белгі - қозғалыс режимін немесе тұрақ туралы ақпаратты оқимыз. Мысалы, 5.3 белгісі автомобильдерге арналған жолды білдіреді.

Тағы оқыңыз: Жол реттеушінің әр жүргізуші білуге тиіс үш негізгі белгісі қандай?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *