Ақтауда газ қондырғысы орнатылған көлік жарылды
Маңғыстау облыстық ТЖД хабарлауынша, 27-ші шағын аудандағы өрт туралы хабарлама сағат 11:46-да түскен. Көлік 45 литрлік газ баллонды қондырғымен жабдықталған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
112 - Ақтау - Актау (@112_aktau) жариялаған жазба
Өрт сөндірушілер келгенге дейін газ жабдығы жарылған. Тілсіз жау сағат 11:58-де толық ауыздықталды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Оқиға орнына ТЖД-ның алты қызметкері мен бір техника жұмылдырылды.
Газбен жүретін көліктерге жаңа тыйым енгізіледі