Сенсация! Қазақстандық теннисші әлемнің бұрынғы екінші ракеткасын жеңді
Бірінші сетте Шевченко 6:7 есебімен есе жібергенімен, кейін матч тағдырын өз пайдасына шешіп, келесі екі сетте 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Енді қазақстандық теннисші ATP 250 сериясы турнирінің 1/4 финалына шықты, онда ол аргентиналық Тиаго Аугустин Тирантемен кездеседі.
Айта кетейік, Шевченко әлемдік рейтингте 107-орында тұр және Стокгольмдегі турнирге іріктеу кезеңі арқылы жолдама алған.
Ал Каспер Рууд "Үлкен дулыға" турнирлерінің финалында үш рет ойнап, 2022 жылы әлемдік рейтингте екінші сатыға дейін көтерілген. Қазір Рууд ATP рейтингінде 18-орында тұр.
Александр Шевченко деген кім?
25 жастағы теннисші мансабын Ресейде бастаған, бірақ 2024 жылы Қазақстан төлқұжатын алып, ұлттық құрама сапында өнер көрсете бастады. Әлемдік рейтингте ол барлық қазақстандық арасында Александр Бубликтен кейінгі екінші сатыда тұр.
Биыл оның еншісінде бір ірі жеңіс бар - Майамидегі "Мастерс" сериясы турнирінің (Miami Open) екінші айналымында ол әлемнің тоғызыншы ракеткасы, америкалық Бен Шелтонды жеңген.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Tennis TV (@tennistv) жариялаған жазба
“Әбден қажыған“: Рыбакинаның Қорытынды турнирден бас тартуына кінәлілер аталды