Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ерлер ме, әйелдер ме? Қазақстанда дәрігерге кім жиі жүгінетіні белгілі болды

Ер адамдар мен әйелдер денсаулыққа әртүрлі қарайды деген пікір бар. Қазақстанда емханаға кімдер жиі баратынын және кімдерге ота көп жасалатынын Tengri Health тілшісі анықтап көрді.
Медициналық көмекке кім жиі жүгінеді?
Статистика қалыптасқан пікірді растап отыр: әйелдер шынымен дәрігерге жиі барады.
Денсаулық сақтау министрлігінің біздің сауалға берген ресми статистикасына сәйкес, 2026 жылғы сегіз айда алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) ұйымдарына, яғни емханаларға 14,4 миллионнан аса адам жүгінген.
Оның ішінде:

8 миллионы - әйел,6,5 миллионы - ер адам.

Тәулік бойғы стационар пациенттері арасында да айырмашылық байқалады.
Осы кезеңде ауруханаларда 1,74 миллион адам ем алды:

миллионнан астам әйел,735 мыңға жуық ер адам.

575,4 мың пациентке ота жасалды:

336,2 мың әйел,239,2 мың ер адам.

2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша емханаларда 3,46 миллионға жуық адам динамикалық бақылауда болды, оның ішінде 2,1 миллионы - әйел және 1,36 миллионы - ер адам.
Жақында Tengri Health биологиялық жыныс диагностика мен емдеуге қалай әсер ететіні туралы ауқымды талдау дайындады. Тарихи тұрғыдан медицина негізінен ер адамдар организміне бағдарланған, ал әйелдер клиникалық зерттеулерге сирек тартылған. Бұл дәрілік заттардың әсерін зерделеуге, жанама әсерлерді бағалауға және диагностикалық критерийлерді әзірлеуге ықпал етті.
Тағы оқыңыз: Инфаркт, инсульт және қатерлі ісік: қазақстандықтарға қандай аурулар басты қауіп төндіреді?Қазақстандықтардың денсаулығы күрт нашарлап, ағза “кешіруді“ тоқтататын екі кезең

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *