Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Еркек емессіңдер!“: Махачев Нурмагомедов пен Двалишвили арасындағы дауға пікір білдірді

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачев Нурмагомедовтің Двалишвилиге жасаған шабуылының астарында ескі мәселе жатқанын айтып, шабуылдағандар жағына шықты, деп хабарлайды Tengri Sport әлеуметтік желілерге сілтеме жасап.
UFC экс-чемпионы Мераб Двалишвили өзіне Усман Нурмагомедов пен оның командасы шабуыл жасағанын мәлімдегеннен кейін Махачев бұл қақтығыс неден басталғанын баяндады.

"Қазір Усман мен жігіттерді айыптап, оларға балағат сөз жазып жатқандарға айтарым. Мераб еш себепсіз дағыстандық балуанды ұрып, намысына тигенде неге үндемедіңіздер? Ол адам ешқандай жаман ойсыз, сөйлесу үшін барған болатын. Бүгін болған жағдайды Мераб өз елінде бастап, қонаққа қол көтеріп, оның анасына тіл тигізді", - деп жазды Махачев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Махачев бұл жерде 11 шілдеде Грузияда өткен RAF турнирі алдында болған оқиғаны меңзеп отырған сияқты. Сол кезде Двалишвили Умар Нурмагомедов туралы бірнеше рет көпшілік алдында пікір білдіргеннен кейін оны жақтап шыққан балуан Ахмед Гаджимагомедовпен төбелескен.
Ал Двалишвили бұл әрекетін қонақжайлыққа қайшы деп санамайды.

"Мен ер адаммын. Сенің қайдан екенің маңызды емес. Грузиядан ба, Америкадан ба әлде Мексикадан ба?! Маған құрметсіздік танытсаң, сені шапалақпен ұрамын. Умар қонақжайлық туралы айтып жүр. Грузияға келіп, қонақ ретінде өзіңді сыпайы ұстасаң, мен де саған қонақ ретінде қараймын. Бірақ жау болып келсең, онда болған жағдай қайталанады. Мені арандатқан жігітке ешқандай өкпем жоқ. Бәлкім, ол жақсы адам шығар, мен оны танымаймын. Оны ұрғаныма мақтанбаймын, бірақ өкінбеймін", - деп баяндап берген болатын Хельваниге берген сұхбатында.

Айта кетейік, Мераб Двалишвили мен Умар Нурмагомедов чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығып, грузиялық спортшы төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын. Жаңа төбелес үшін ешқайсы чемпиондық атаққа ие болмайды.

Нурмагомедов Двалишвилиді "жалған чемпион" деп атаса, Мераб оған титулдық жекпе-жек босқа берілгенін алға тартқан болатын
Мераб Двалишвили мен Умар Нурмагомедов арасындағы кикілжің UFC жекпе-жегіне дейін бірнеше ай бойы өршіп келді. 2024 жылы 6 желтоқсанда UFC 311 турнирі алдындағы алғашқы баспасөз мәслихатында Двалишвили Умар титул үшін таласуға лайық емес екенін айтып, оны құрметсіздік танытты деп айыптады.

"Оны көрген сайын құрмет көрсетіп, қол алысып амандасамын. Тіпті бір күні онымен жекпе-жекке шығатынымды да айтқанмын. Бірақ ол интернетте былапыт сөздер жаза бастады. Нағыз ер азаматтар олай істемейді. Сондықтан бұл мен үшін жеке мәселеге айналды", - деді ол.

Оған дейін Умар әлеуметтік желіде грузиялық спортшыға "Менің атымды естігенде сонша қобалжудың қажеті жоқ, жалған чемпион!" деп жазған. Бұл сөздер де Двалишвилидің намысына тиген.
Нурмагомедов төбелестен кейін ұсталды
Грузиялық тағы бір спортшы Илия Топурияның айтуынша, шабуылға қатысқандардың барлығы полиция бөлімшесіне жеткізілген. Олардың ұсталғаны және қандай да бір жаза қолданылғаны туралы әзірге ақпарат жоқ.
"Еркек емессіңдер!" Нурмагомедов пен командасы Абу-Дабиде Двалишвилиді соққыға жыққан

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *