Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Франция құрамасы Ұлттар лигасында жеңіліп қалды: қарсыласы әлем чемпионатына қатыспаған

Франция құрамасы күтпеген жерден жеңіліске ұшырап, Ұлттар лигасы тобындағы бірінші орынды италиялықтарға беріп қойды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Матчтің 10-минутында-ақ Майкл Олисе гол соғып, француздарды алға шығарды. Алайда 15 минуттан соң Франческо Пио Эспозито таразы басын теңестірді.
Ойын тағдыры екінші таймда шешілді: 63-минутта Фраттези италиялықтарды есепте алға шығарса, 75-минутта Эспозито пенальтиден мүлт кетпей, матчке нүкте қойды.
Есеп - 3:1 Италия құрамасының пайдасына. Осылайша, олар Ұлттар лигасының турнирлік кестесінде көш бастады.
Айта кетейік, бұл ойында Франция құрамасы басты жұлдызысыз өнер көрсетті – Килиан Мбаппе ұлттық құрама жаттығуында жарақат алып қалған болатын. Сондай-ақ жарақатына байланысты құраманың тағы бір көшбасшысы Усман Дембеле де Ұлттар лигасының кезекті циклінен тыс қалып отыр.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kylian Mbappé (@k.mbappe) жариялаған жазба


Италияның Францияны жеңуі неге сенсация деп бағаланды?
Италия құрамасы төрт дүркін әлем чемпионы әрі 2021 жылғы Еуропа чемпионы ретінде тарихы бай, мықты ұжым болғанымен, қазіргі таңда қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр.
Италиялықтар қатарынан үш әлем чемпионатына іріктеуден өте алмады, яғни команда соңғы рет басты додаға 2012 жылы қатысқан. Қазіргі уақытта олар ФИФА рейтингінде 13-орында тұр.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Nazionale Italiana di Calcio (@azzurri) жазбасы


Ал француздар болса - кейінгі 12 жылдағы әлемнің ең тұрақты құрамаларының бірі. Әлем чемпионатының екі финалы мен бір жартылай финалы, жеңіп алған титулы бар және әлемдік рейтингте Испания мен Аргентинадан кейінгі үшінші орында тұр.
Бұл ретте 2026 жылғы Әлем чемпионатынан кейін француздар бас бапкер Дидье Дешаммен қоштасып, бұл қызметке құрама аңызы Зинедин Зиданды тағайындау туралы шешім қабылдаған еді. Содан бері команда үш рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен (дәл осы италиялықтармен), ал енді міне, алғашқы жеңілісіне тап болды.
Бұған дейін "Манчестер Юнайтед" бапкер Майкл Каррикпен серіктестікті тоқтататынын жариялады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *