Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ЦентрКредит Банкі клиенттерге қаржы сауаттылығы туралы кітапты тарту етті

Астанада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында қаржы сарапшысы Лаура Байжарасованың "Байлық формуласы" атты кітабының тұсауы кесілді. Аталмыш кітап 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдерді қаржы сауаттылығына баулуға арналған. Туындының жарық көруіне ЦентрКредит Банкі қолдау білдірді. Бұл туралы ЦентрКредит Банк хабарлады.
Ұлттық валюта күні қарсаңында еліміздің әр өңіріндегі банктің бөлімшелерінде аталмыш кітап клиенттерге тарту етілді. Банк бұл сыйлық әр отбасының баламен ақша тақырыбында ашық әңгіме бастауына сеп болады деген сенімде.

"Ұлттық валюта күні – қаржы сауаттылығының қайдан бастау алатыны төңірегінде ой толғайтын тамаша сәт. Себебі қаржы мәдениеті әдетте бала кезден, яғни алғашқы қалта ақшасынан, алға қойған алғашқы мақсаты мен дербес жасаған алғашқы таңдауынан басталады. Лаура Байжарасованың еңбегі жасөспірімдерге тым күрделі сөзсіз, түсінікті тілде бағыт-бағдар беріп, қаржыны орнымен жұмсауды үйретеді. Сондықтан бұл бастаманы ықыласпен қолдап, кітапты клиенттерімізге сыйға тарттық. Бұл – банкіміз қаржы сауаттылығы аясында тұрақты түрде жүзеге асырып келе жатқан ауқымды жобамыздың бірі", – дейді ЦентрКредит Банкінің президенті Руслан Владимиров.

Сурет: ЦентрКредит Банкі
Банк мәліметінше, "Байлық формуласы" жас оқырмандарға ақшаны дұрыс жұмсап, қаржы мақсатын қоюды және дұрыс шешім қабылдауды үйретеді. Кітапта күнделікті өмірден алынған мысалдар арқылы шығынды жоспарлау, үлкен сатып алуларға қаражат жинау және қажетті нәрсе мен көздің жауын алған өткінші әуестікті ажырату жолдары қарапайым түсіндірілген.

"Бүгінде балалар ақшамен біз ойлағаннан әлдеқайда ерте бетпе-бет келеді. Атап айтсақ, мобильді қосымша арқылы сауда жасайды, сыйлық алады, алғашқы тиын-тебенін жинайды. Сондықтан оларға ақшаның айналымы мен оны басқарудың қыр-сырын зеріктіретін құрғақ формуласыз, қарапайым әрі ұғынықты түрде түсіндіретін еңбек жазғым келді. Бастамаға қолдау білдірген ЦентрКредит Банкі ұжымына ризашылығым шексіз. Осы қолдаудың арқасында кітабымыз еліміздің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған жас оқырманның қолына тиіп жатыр", – дейді кітап авторы Лаура Байжарасова.

ЦентрКредит Банкі қаржы сауаттылығын арттыратын жобаларға әрқашан қолдау білдіріп, бұл бағыттағы пайдалы материалдарды өз ресурстарында тұрақты жариялап келе жатқанын мәлімдеді. Ал "Байлық формуласы" кітабы осы игі істің жас оқырмандарға арналған жалғасы болмақ.
ҚНРДА 05.08.2026 жылы берген № 1.1.856.145 әмбебап банк лицензиясы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *