Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Кофе түстес су: Ақтау тұрғындары краннан ағатын суға шағымданды

Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде құбыр суының сапасына қатысты шағымдарын бөлісті. Қала тұрғындарының айтуынша, краннан судың орнына тот араласқан қою қоңыр түсті сұйықтық ағып жатыр. Жарияланған бейнежазбалар әзілге арқау болып қана қоймай, желі қолданушылары арасында мұндай суды пайдалану қауіпсіз бе деген алаңдаушылық туғызды.
"Каспий жылу, су арнасы" өкілдері жазғы жөндеу жұмыстарынан кейін судың түсі неге өзгергенін түсіндіріп, сапасы қашан қалыпқа келетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл мұнай ма?"
Ақтау тұрғыны әлеуметтік желіде видео жариялап, ваннадағы краннан ағып жатқан суды көрсетті. Бейнежазбадан мөлдір судың орнына қою қоңыр түсті сұйықтық ағып жатқанын көруге болады.
Бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Кейбіреулер әзілдеп жатты.

""Шүмектен какао ағып жатыр, ал сіздер шағымданасыздар".
"Бұл мұнай ма?"."Қазақстан - терезеден ақша шашып, үйде мұнайға шомылатын ел".
"Кофе".
"Капучино".

Дегенмен, бұл жағдайды бәрі бірдей әзілмен қабылдаған жоқ. Кейбір қолданушылар су сапасына алаңдап, шағымдарын білдірді:

"Халайық! Бұл күлетін нәрсе емес! Жылау керек".
"Сұмдық-ай! Ол жерде қалай тұрып жатырсыздар?"
"Иісі кофенікіндей емес екеніне сенімдімін".

Су неге қоңыр түске боялды?
Су не себепті қоңыр түске айналғанын "Каспий жылу, су арнасы" компаниясы түсіндірді.

"Жазғы жөндеу жұмыстарынан кейін жылу желілерін іске қосып, жылу берілген кезде ыстық судың сыртқы көрсеткіштерінің уақытша нашарлауы, атап айтқанда сарғыш түс пен тот пайда болуы мүмкін", - деп түсіндірді компания өкілдері.

Мамандардың айтуынша, бұл металл құбырларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты. Жазда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ыстық су уақытша өшірілген кезде құбыр ішіне оттегі кіреді. Нәтижесінде металл тотығып, тот түзіледі.
Су қайта берілген кезде тот су ағынымен бірге құбырға жетуі мүмкін.
Ескерту: Айта кетейік, қалада жылу беру маусымы 15 қазанда басталды.
Жауапкершілік кімде?
Коммуналдық кәсіпорын ыстық судың сапасына қалалық жылу желілерінің күйі ғана емес, үй ішіндегі инженерлік коммуникациялар да әсер ететінін атап өтті.
Атап айтқанда, жылу беру маусымы басталғанға дейін қызмет көрсететін ұйымдар - ПИК, МИБ және басқалары тұрғын үйлердің ішкі жылу жүйелері мен құбырларын жууды қоса алғанда, қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуі тиіс.
"Егер бұл жұмыс уақытылы орындалмаса, жиналған шөгінді мен тот пәтердегі краннан лас судың ағуына себеп болуы мүмкін", - деп атап өтті ұйым өкілдері.
Су қашан тазарады?
Компанияның ақпараты бойынша, жөндеу аяқталып, жылу желілері іске қосылғаннан кейін жылу тасымалдағыштың айналымы мен сапасын тұрақтандыру үшін белгілі бір уақыт қажет.

"Кейбір жағдайда қалыпқа келу процесі екі аптаға дейін созылуы мүмкін", - деп хабарлады кәсіпорын.

Судың сапасы толық қалпына келгенше, тұрғындарға оны тұрмыстық мақсатта пайдалануды барынша шектеу ұсынылады.
Тұрғындар қайда жүгінуі керек?
Егер су сарғыш болып, құрамында тот бөлшектері болса немесе сапасы нашарлауының басқа да белгілері байқалса, қала тұрғындарына қажетті шаралар қабылдау үшін өздерінің ПИК, МИБ немесе басқа да қызмет көрсетуші ұйымдарына хабарласу ұсынылады.
Бұған дейін Алматыдағы пәтерлердің бірінде құбыр суынан көк ірің таяқшасы табылды. Дегенмен "Алматы Су" ауыз судың сапасын тәулік бойы бақылап отырғанын, су қолданыстағы нормаларға сәйкес келетінін мәлімдеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *