Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ламин Ямаль Чемпиондар лигасының орнына Қазақстанға “жіберілді“

Әзірбайжанның "Сабах" клубы "Барселона" вингері Ламин Ямальдың Бакуге емес, Қазақстанға бет алғанын көрсететін видео жариялады. Осылайша, клуб ойыншының сұхбат кезінде жіберген қателігіне жауап қатты, деп хабарлайды Tengri Sport команданың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Видеода Ламин Ямальдың "Барселона" бапкері Ханси Фликпен бірге әртүрлі көліктерде отырғаны көрінеді, алайда бір сәтте ол негізгі жолдан бұрылып, басқа бағытқа қарай бет алады.
Жазбалардан Фликтің Әзербайжанға, ал Ямалдың Қазақстанға аттанғанын көруге болады.

"Барлығы Бакуге, ал Ламин өзі білетін мекенжайға...", - делінген жазбада.

Алматылық "Қайраттың" баспасөз қызметі де бұл бейнежазбаға қатысты үн қатты. Олар егер Ямаль Қазақстанға келсе Конференция лигасы аясындағы ойынды тамашалай алатынын еске салды.

"Ламин, біз бейсенбі күні ойнаймыз. Жай айтып жатырмыз", - деп жазды "Қайрат" командасы видеоға пікірде.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қарашада Бакуде Чемпиондар лигасының кезеңі аясында "Сабах" каталондық "Барселонаны" қабылдайды. Алайда Ламин оң тобығындағы аздаған жарақатына байланысты бұл сапарға бара алмайды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Sabah FC (@sabahfc) жарияланымы


Ямаль Әзербайжанды Қазақстанмен шатастырып алды
"Сабах" баспасөз қызметінің көңілді бейнеролигін жасауға Ламин Ямальдың YouTube арнасындағы видеодан алынған, желіде кең тарап кеткен сәт түрткі болды.
Жаңа роликте Ямаль қала ішінде көлікпен жүріп, жанкүйерлерге түрлі сыйлықтар таратады. Сыйлықтардың бірі – Чемпиондар лигасы матчіне билет және оның қолтаңбасы қойылған бутсы жұбы.

"Бір сұрақ: бұл Чемпиондар лигасының қай матчі болады? Жеке өзім Қазақстанда болатын ойынды берер едім! Қазақстанға барсын!" – дейді футболшы өзінің операторына.

Қателік монтаж кезінде-ақ белгілі болған – Ламин ел атауын айтқан сәтте экранда "*Azeybarjan" деген жазу пайда болады.
Скриншот: youtube.com/@LamineYamal
Айта кетейік, Әзербайжан командасының құрамында Қазақстан ұлттық футбол құрамасының ойыншысы - қақпашы Стас Покатилов бар.
"Сабах" - "Барселона": қайдан көруге болады?
Испания және Әзербайжан командалары арасындағы Чемпиондар лигасы матчы Қазақстан уақытымен 25 қараша күні сағат 22:45-те басталады.
Ойын "Qazsport" телеарнасы мен оның ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *