Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алдын ала төлем жасап, қарызын өтемеген: ер адам 23 миллион теңгенің тіркемелерін қайтарудан бас тартқан

Шымкентте сатып алушы ақысы төленбеген, құны 23 миллион теңгеден асатын екі жүк тіркемесін қайтарғысы келмеген, деп хабарлайды Tengri Auto.

Соттың мәліметінше, 2024 жылғы 10 маусымда тараптар жалпы құны 54 миллион теңге болатын үш жүк тіркемесін сатып алу туралы нотариалды куәландырылған кепіл шартын жасасқан. Сатып алушы 8 миллион теңге төлеп, техниканы уақытша иеленуге алған.

Тараптар түпкілікті есеп айырысуды 2024 жылғы 10 қарашаға дейін жүргізуі тиіс болған, алайда сатып алушы ақшаны толық көлемде төлемеген. Сондай-ақ сатып алу-сату шарты да жасалмаған.

Ер адам тіркемелердің бірін ерікті түрде қайтарған, бірақ қалған екеуін өзінде қалдырған. Сөз 2015 жылғы SCHMITZ CARGOBULL және 2013 жылғы SCHMITZ тіркемелері туралы болып отыр. Олардың жалпы нарықтық құны 23,1 миллион теңгені құраған.

Сот келісім мерзімі өткеннен кейін және төлем толық жасалмағандықтан, жауапкердің техниканы өзінде ұстап қалуға заңды негіздері жоқ деген қорытындыға келді.

Нәтижесінде меншік иесінің талап арызы қанағаттандырылды. Ер адамға екі тіркемені қайтару, сондай-ақ мемлекеттік баж бен өкілдің қызметіне төленетін ақыны қоса алғанда, сот шығындарын өтеу міндеттелді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Тағы оқыңыз: Көліктен де, ақшадан да айырылған: делдал жұртты 103 миллион теңгеге алдап кеткен

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *