Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

20 шақырым жүрсең де, бүкіл жол учаскесі үшін төлейсің: ақылы жолдардың ақысы қалай есептеледі?

Tengri Auto редакциясына оқырман хабарласып, ақылы жолдардағы жолақы есептеудің түсініксіз тұстары туралы ақпаратты бөлісті.
Оқырманның айтуынша, ол ақылы жолмен Өтеген батыр ауылынан Космос ауылының маңындағы бұрылысқа дейін жүріп өткен. Жалпы бағыт шамамен 20 шақырымды құраған. Алайда оған қашықтығы айтарлықтай үлкен Шелек ауылына дейінгі толық жол жүру ақысы есептелген.

"Телефон арқылы ақпарат алу үшін хабарласқанымда, оператор өкілдері төлем нақты жүріп өткен қашықтық үшін емес, тарифтік аймақ үшін алынатынын мәлімдеді", - дейді оқырман.

"ҚазАвтоЖол" не дейді?
Компанияның баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, төлем нақты жүріп өткен қашықтыққа қарамастан, әрбір өткен тарифтік аймақ үшін алынады.
Бұл ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 318 бұйрығымен бекітілген Ақылы автомобиль жолдарымен жүріп өткені үшін ақы алу қағидаларының 10-тармағында көрсетілген.

"Ақы алу қағидалары "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, сондай-ақ ақылы автомобиль жолдары туралы бұйрықтар мен ақпараттар "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ресми сайтында орналастырылған", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сонымен қатар аймақтар бойынша тарифтер мен көлік құралдарының тиісті санаттарына арналған жолақы құны туралы мәліметтер трассаға кіреберістегі ақпараттық панноларда көрсетілгені айтылды.
Компания өкілдері қолданыстағы қағидаларда тарифтік аймақ ішіндегі нақты жүріп өткен шақырымға пропорционалды түрде ақы есептеу қарастырылмағанын жеткізді. Жүргізушілер аймақ ішінде қанша қашықтықты жүріп өткеніне қарамастан, әрбір өткен аймақ үшін төлем жасауға міндетті.
Тағы оқыңыз: Қазақстандағы ақылы жолдарға абонемент қанша тұрады және оны кімдер рәсімдей алады?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *