Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандық қақпашы қатысқан ЧЛ-дағы матч трибунадағы трагедиямен аяқталды

Чемпиондар лигасының "Сабах" - "Барселона" матчіне келген жанкүйерлердің бірі екінші таймда есінен танып қалды. Оны аман алып қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды Tengri Sport әзербайжандық БАҚ-қа сілтеме жасап.
39 жастағы ресейлік жанкүйер Антон Петрищев матч кезінде стадионда көз жұмды. Өлімнің себебі әзірге нақтыланбаған, бірақ алдын ала болжам бойынша ер адамның жүрегі тоқтап қалған болуы мүмкін.

"Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Медицина қызметкерлері бір адамның (ер адамның) дәрігерлер келгенге дейінгі өлімін тіркеді", - деді Әзербайжанның медициналық аумақтық бөлімшелерді басқару бірлестігі (TƏBİB) өкілдері. Бұл туралы modern.az жазды.

Сондай-ақ, жанкүйердің өліміне қатысты тергеу басталғаны хабарланды. Марқұмның сүйегі мәйітханаға жеткізілді.
Mash мәліметінше, қайтыс болған ер адамның артында әйелі мен екі баласы қалды.
"Барселона" қақпасында қазақстандық ойыншы бар "Сабахты" ойсырата жеңді
Еске салайық, Бакуде өткен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бесінші тур матчі каталониялықтардың жеңісімен (1:4 есебімен) аяқталды.
"Сабахтың" қазақстандық қақпашысы Стас Покатилов 9 сейв жасап, осы көрсеткіш бойынша турнир көшбасшыларының қатарына қосылмағанда, есеп бұдан да көп болуы мүмкін еді.

9 сейв пен 5 гол: Стас Покатиловтың "Барселонаға" қарсы матчі қалай өтті?
Айта кетейік, Бакудегі трагедия Чемпиондар лигасы матчтеріндегі алғашқы жағдай емес. Биыл Шотландияның "Селтик" пен Аустрияның "ЛАСК" командалары арасындағы іріктеу ойынында 65 жастағы ер адам қайтыс болды.
Екі жыл бұрын "Бавария" - "Бенфика" арасындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің матчі кезінде де жанкүйер көз жұмған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *