Астанада автобус жолаушылары ер адамдардың оғаш әрекетіне шағымданды: полиция оларды тапты
Ер адам оқушыларға ым-ишара көрсеткен
Оқиғаның бірі №32 автобуста болған. Астананың 15 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде жол жүру кезінде бейтаныс ер адам оның және құрбысының аяғына қадала қарап, кейін сүйгендей ыш-ишара көрсеткенін айтты.
Қыздар ер адамды видеоға түсіріп алған. Камераны байқаған ол қолын бұлғаған.
Скриншот: Threads
Кейін полиция ер адам табылғанын хабарлады. Ол 41 жаста, Ақмола облысында тұрады. Бұл жағдай бойынша материалдар өңірлік полицияға жолданды.
"Бұл дерек бойынша материалдар аумақтық қарау үшін Ақмола облысының Полиция департаментіне жолданды", - деп хабарлады Астана ПД өкілдері.
Оған нақты қандай жаза қолданылатыны және сүйгендей ыш-ишара көрсетуінен құқық бұзушылық құрамы табыла ма, жоқ па – әзірге белгісіз.
Ер адам жолаушы қызға қол жүгірткен
Тағы бір оқиға №63 автобуста болған. Қыз ер адам тиіскенін айтып берді.
"Бүгін автобуста бейтаныс ер адам маған тиісті. Мен шу шығарғанда, ол автобустан тез түсіп кетті. Мен оны ұстап алмақ болып, артынан түсіп, полицияға қоңырау шалдым", - деді астаналық қыз.
Полиция мәліметінше, ер адам 33 жаста, автобуста мас күйде болған. Ол ұсталып, сот ұсақ бұзақылығы үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
"Автобус ішінде келе жатқан ер адам қыздың бөксесіне қол тигізгені анықталды. Болған жағдайға наразылық білдірген жолаушы оған ескерту жасағаннан кейін ер адам автобустан түсіп кеткен. Тексеру барысында құқық бұзушының жеке басы анықталды", - деп хабарлады полиция.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana) жариялаған жазба
Бұған дейін Астанада автобуста қызға тиіскен 46 жастағы ер адам ұсталды. Жәбірленуші басынан өткен жағдайды әлеуметтік желіде жариялап, көпшіліктің назарын аударған. Бұл іске сотқа дейін жетті.
Тағы оқыңыз: Астана тұрғыны киноға түсу үшін 1,7 миллион теңге төлеген, бірақ түсірілім басталмаған