Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Қазақстанға ғашық болдым“ - АҚШ-тағы қала мэрі “Барысқа“ адалдығы туралы

"Барыс" клубы мен хоккейден Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Брэндон Боченски мансабының соңына дейін неліктен қазақстандық клубта ойнауға шешім қабылдағанын айтып берді, деп хабарлайды Tengri Sport "Барыстың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық команданың ҚХЛ тарихындағы үздік сұрмергені бірнеше күнге қонаққа келіп, журналист әрі комментатор Александр Олейникке ауқымды сұхбат берді. Сұрақтардың бірі АҚШ-тан келген форвардтың мансабындағы соңғы кезеңге қатысты болды.
Боченски ҚХЛ көшбасшыларынан келісімшарт туралы ұсыныстар түскеніне қарамастан, соңғы 8 маусымын Астанада өткізді.

"Мен Қазақстанға, Астанаға және жанкүйерлерге ғашық болдым. Жүрегім әрдайым осында болды! Басқа қалаға ауысып, келісімшартқа отыруға көптеген мүмкіндік болды, бірақ мен үшін оның еш мәні болмады. Мен әрқашан бір командада ойнағым келді, ал Астана алғашқы күннен-ақ жүрегімді жаулап алып, жібермеді. Ұсыныстар түскенімен, мен оларды ешқашан байыпты қарастырған емеспін, әрдайым қалып, "Барыс" үшін ойнағым келді", - деді хоккейші.

Брэндон Боченски - "Барыстың" аңыз ойыншысы
Еске сала кетейік, америкалық шабуылшы Астанаға 2010 жылы ауысып, команда сапында 455 матч өткізген. Ол жинаған ұпай саны бойынша команда рекордшысы - 444 (179 + 265). Қазіргі таңда үздік бестікте оның рекордына жақындай алатын ешкім болмаса да, Брэндон бұл көрсеткіштің бір күні жаңаратынына сенімді.

"Иә, командада жиналған ұпай саны бойынша рекордты біреу жаңартатынына сенімдімін. Ол үшін тек тұрақтылық қажет. Мен 8 жыл ойнап, әр маусымда көп ұпай жинадым. Мені Старченко (Старый) басып озады деп ойлаған едім, бірақ ол мансабын сәл ертерек аяқтады. Сондықтан болашақта қандай да бір ойыншылар, бәлкім, жастар... Егер бұл осында 20 жылдай ойнап, 10 немесе 12 жылдан кейін рекордты жаңартатын қазақстандық жас жігіт болса, керемет болар еді. Мен бұл рекордты мәңгі иеленгім келмейді", - деп атап өтті ол.

2014 жылы Боченски Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамада өнер көрсетті, тіпті оның капитаны болды. 2019 жылдың жазында мансабын аяқтайтынын жариялап, АҚШ-қа оралды, онда 2020 жылы Гранд-Форкс қаласының мэрі болып сайланды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *