Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Қайрат“ Еуропадағы тарихи жеңісінен кейін плей-офф аймағына енді

Алматылық "Қайрат" Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі кестеде 4-турдың қорытындысы бойынша 23-орынға көтерілді. Команда еурокубоктардың күзгі кезеңінде алғаш рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengri Sport.
Конференция лигасының өз алаңындағы матчінде "Қайрат" Швецияның "Мьельбю" клубын 1:0 есебімен минималды басымдықпен жеңді. Жеңіс голын тәжірибелі қорғаушы Еркін Тапалов соқты, бұл ойын оның клуб жейдесіндегі соңғы матчі болды.
Енді "Қайраттың" турнирлік кестеде бес ұпайы бар, бұл командаға плей-офф аймағына кіруге мүмкіндік берді. Айта кетейік, турнир регламенті бойынша алғашқы сегіз команда тікелей 1/8 финалға жолдама алады, ал 9-дан 24-орынға дейінгілер 1/16 финалда өзара бақ сынайды.
Алматылықтар қазір 23-орында тұр, сонымен қатар олардан жоғары тұрған тағы алты команданың еншісінде дәл осындай ұпай саны бар.
Фото: uefa.com/
Өткен маусымда плей-оффқа шығу үшін командаларға 7 ұпай жеткілікті болған, сондықтан алдағы матчтердегі тең ойынның өзі "Қайратты" плей-оффқа алып шығуы мүмкін.
Еске сала кетейік, "Қайраттың" Конференция лигасында тағы екі матчі бар. 10 желтоқсанда өз алаңында құрамы 40 миллион еуроға бағаланатын Румыния лигасының көшбасшысы "Университатя" Крайоваға қарсы ойнаса, 17 желтоқсанда Нидерландыда "Твентемен" кездеседі. Екі қарсылас та 4-турдағы ойындарында жеңіліс тапты.
"Мьельбюді" жеңу неге тарихи маңызға ие?
Алматылық "Қайрат" үшін шведтермен өткен ойын еурокубоктардың жалпы/топтық кезеңіндегі алғашқы жеңіс болды. Еуропадағы күзгі кезең аясындағы жеңіссіз серия 17 матчке созылған еді.
Команда алғаш рет еурокубоктың топтық кезеңінде 2021 жылы 16 қыркүйекте өнер көрсетті. Кипрдің "Омония" клубына қарсы дебюттік матчте алғашқы ұпайға қол жеткізіп, ойын 0:0 есебімен аяқталған болатын.
Сол жылы Конференция лигасы тобындағы қалған қарсыластар "Қайратты" жеңіп кетті, ал соңғы турда кипрліктермен тағы да тең түсті.
Өткен маусымда "Қайрат" өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықты, бірақ ол жерде де 8 матч бойы жеңіске жете алмады. Жалғыз ұпай тағы да Кипр командасымен ойында бұйырды – бұл жолы Алматыға "Пафос" қонаққа келген еді (0:0).
Бұл жетістікке алғаш болып қол жеткізген қазақстандық клуб "Астана" болды – 2016/2017 маусымында команда Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңында Кипрдің АПОЭЛ-ін жеңген болатын.

Бұған дейін түріктің "Бешикташ" пен Израильдің "Хапоэль" клубтары арасындағы Еуропа лигасының матчі трибунадағы тәртіпсіздіктерге байланысты тоқтатылған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *