Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бір көлік жолақ ауыстырып, екіншісі тұрақтан шығып келе жатса, жол апатына кім кінәлі?

Мынадай жағдайды елестетейік: жүргізуші тұрақтан шығып, көлік ағынына қосылмақ болады. Осы сәтте жолда басқа көлік келе жатыр, оның жүргізушісі көрші жолаққа ауысады. Көліктердің қозғалыс траекториясы қиылысып, соқтығысады. Кім жол беруі керек еді: тұрақтан шыққан жүргізуші ме, әлде жолақ ауыстырған жүргізуші ме – осы мәселені Tengri Auto тілшісі анықтап көрді.

ЖҚЕ-де не делінген?

Жол қозғалысы ережелерінің 49-тармағына сәйкес, жанама жолдан негізгі жолға шыққан кезде жүргізуші онда келе жатқан көлік құралдары мен жаяу жүргіншілерге жол беруге міндетті.

Егер автокөлік тұрақтан, ауладан немесе басқа да іргелес аумақтан шығып бара жатса, жүргізуші өз маневрі қозғалыстың басқа қатысушыларына кедергі келтірмейтініне көз жеткізуі тиіс.

Бұл ретте қосылған бұрылыс сигналы артықшылық бермейді және жүргізушіні маневр қауіпсіздігіне көз жеткізу міндетінен босатпайды.

Егер екінші автокөлік те жолақ ауыстырып жатса ше?

Бұл жерде басқа ереже қолданылады. ҚР ЖҚЕ 51-тармағына сәйкес, жолақ ауыстыру кезінде жүргізуші бағытын өзгертпей, қатар келе жатқан көлік құралдарына жол беруге міндетті.

Егер қатар келе жатқан екі автокөлік бір уақытта жолақ ауыстырса, жүргізуші оң жақтағы көлік құралына жол беруі тиіс.

Осылайша, егер автокөлік жолда келе жатып, жолақ ауыстырса, ал екіншісі тұрақтан шығып жатса, шығып келе жатқан көлік жүргізушісі жолдағы көлік құралына жол беруі керек.

Алайда, егер екі автокөлік те жолда болып, бір уақытта жолақ ауыстырса, олардың өзара орналасуын ескеру қажет: мұндай жағдайда оң жақтағы автокөліктің артықшылығы туралы ереже қолданылады.

Егер екеуі де маневрді бір уақытта бастаса, кім кінәлі?

Маневрдің бір уақытта басталу фактісінің өзі екі жүргізуші де автоматты түрде кінәлі деп танылатынын білдірмейді. ЖКО-ны талдау кезінде әр автокөліктің қайдан шыққанын, жолақ ауыстырудың қай сәтте басталғанын, жүргізушілердің қандай сигналдар бергенін және олардың соқтығыстың алдын алуға мүмкіндігі болған-болмағанын анықтау қажет.

Мысалы, егер бір жүргізуші маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбестен тұрақ орнынан шығып кетсе, ал екінші жүргізуші ережелерді бұза отырып жолақ ауыстырса, онда екеуі де жауапкершілікке тартылуы мүмкін - бірақ егер олардың әрқайсысының әрекеті жол-көлік оқиғасының болуына себеп болған жағдайда.

Бірақ егер бір автокөлік тоқтап үлгерсе, ал екіншісі қозғалысын жалғастырып, онымен соқтығысса, жағдай басқаша бағаланады.

Айыппұл салынуы мүмкін бе?

Егер ЖҚЕ бұзу автокөліктердің немесе басқа мүліктің зақымдалуына әкеп соқса, жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Бұл ретте ереженің нақты бұзылуын және оның ЖКО-мен себеп-салдарлық байланысын анықтау қажет. Соқтығысу фактісінің өзі қатысушылардың бірі автоматты түрде кінәлі екенін білдірмейді.

Ең бастысы: қосылған бұрылыс сигналы артықшылық бермейді, ал маневрді бастау жүргізушіні оның қауіпсіздігіне көз жеткізу міндетінен босатпайды.

Тағы оқыңыз: Қыста көктайғақта толық жетекті көлікті қалай тежеуге болады? Сарапшы түсіндірді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *