Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Желіде жасөспірімдердің әдепсіз әрекеті түсірілген видео тарады: Жамбыл облысында полиция тергеуді бастады

Жамбыл облысында кәмелетке толмағандар әдепсіз сипаттағы видеоға түсіп, кейін ол әлеуметтік желіде тарады. Өңірлік полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
18+ видео
Жасөспірімдер түсірген видео 18+ санатына жатады. Кәмелетке толмағандар түскен роликті біреу желіге салып жіберген, ол мессенджерлерде тез тарап, резонанс тудырды.
Тергеу басталды
Жамбыл облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды. Олар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады мекеме.

Сонымен қатар видеодағы жасөспірімдердің барлығы профилактикалық есепке қойылды, ал олардың ата-аналары бала тәрбиесіндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды.
Сондай-ақ білім басқармасы мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның атына құқықбұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізілді.

"Тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайына құқықтық баға беріледі", - деді полиция.

Әлеуметтік желіде видеожазбаның жариялану дерегі бойынша бөлек тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция порнографиялық материалдар мен өзге де заңсыз контентті таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Бұған дейін Балқашта кәмелетке толмаған апалы-сіңлілінің туыстары қыздар жыныстық қанауға ұшырағанын, кейін интимдік суреттер мен видеолар арқылы бопсаланғанын айтты. Жақындарының сөзінше, мектеп оқушыларын сыйлықтар және ойын-сауықпен тартып, кейін ер адамдармен жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеген. Полиция тергеуді бастады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *