Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Талдықорған маңындағы қорғаннан сақ дәуіріне тиесілі жәдігерлер табылды

Талдықорған маңындағы қорғандардың бірінен археологтар алтын сырғалар, сүйек пен қоладан жасалған жебе ұштары және қамшының бір бөлігін тапты. Мамандар бұл жәдігерлердің сақ дәуіріне тиесілі екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengri Life 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Қорған өзіндік ерекше құрылысымен ерекшеленеді. Зерттеушілердің пайымынша, мұнда ақсүйектер жерленген. Алайда қорған көне заманда бірнеше рет тоналған.
Кейінгі үш жылда Жетісу облысында археологтар ондаған қорғанды зерттеді. Табылған жәдігерлердің арасында аң стилінде жасалған әшекей бұйымдар, қыш ыдыстар және ежелгі мәдениеттен сыр шертетін өзге де заттар бар.

Тарихи және мәдени құндылығы бар барлық жәдігер облыстық музейдің қорына өткізіледі. Кейін олар көпшілік назарына ұсынылмақ.

"Үш айға созылған зерттеу барысында бұған дейін белгісіз болып келген көптеген тарихи дерек анықталды. Қорған толық зерттеліп, жерлеу орны туралы жан-жақты мәлімет алынды. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша монография жазылды", – деді "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бөлім басшысы Хамит Айтқұл.



"Келесі жылы екі қорғанға қазба жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, осы аумақтағы тарихи ескерткіштердің санын анықтап, олардың қорғау аймақтарын белгілеу және қажет құжаттарды әзірлеу үшін зерттеу жұмыстарын жүргіземіз", – деді Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының директоры Ғалымжан Оспанов.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *