Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

29 қарашада ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамынша, 29 қарашада Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейіп, боран соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Астана - күн бұлтты, қар жауып, жаяу боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, түнде екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 5-7 градус аяз.

Алматы - ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 6-8 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, кей кездері екпіні секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 5-10 градус аяз, күндіз 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында.

Шымкент - ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 8-10 градус жылы.

Ақмола облысы - қар жауып, жаяу боран соғады. Солтүстік-батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14, екпіні 15-20 метр, облыстың шығысында кей уақытта 23 метрге жетеді, күндіз жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 5-10 градус аяз. Көкшетау күн құбылмалы, түнде қар жауып, жаяу боран соғады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде де, күндіз де 7-9 градус аяз.

Алматы облысы - түнде облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, таулы аудандарда 5-10 градус аяз, күндіз 5-10 градус жылы, таулы аудандарда 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында. Қонаевта күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 6-8 градус жылы.

Жетісу облысы - түнде облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарда қар, күндіз облыстың шығысы мен таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыс орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың шығысында және таулы аудандарда тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың шығысы мен таулы аудандарында екпіні 15-20, кей кездері секундына 25 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында, таулы аудандарда 6 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, таулы аудандарда 0 градус болады. Талдықорғанда күн құбылмалы, таңертең және күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы.

Түркістан облысы - облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, таулы аудандарда екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, солтүстігінде және таулы аудандарда 3 градус аяз, күндіз 5-10, солтүстігінде және таулы аудандарда 2 градус жылы. Түркістанда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 7-9 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысы - түнде облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 1-6 градус аяз. Оралда күн құбылмалы, түнде аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 2-4 градус аяз.

Атырау облысы - түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде аздаған қар жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 0-5 градус аяз. Атырау күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 0-2 градус аяз.

Маңғыстау облысы - облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, тұман түседі, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, солтүстігі мен орталығында 2 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, облыстың солтүстігінде 0 градус болады. Ақтау күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Түнде кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 6-8 градус жылы.

Ақтөбе облысы - облыстың солтүстігі мен оңтүстік-батысында аздаған қар жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың солтүстігінде 13, күндіз 3-8 градус аяз. Ақтөбе күн бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 4-6 градус аяз. Қостанай облысы - облыстың шығысы мен оңтүстігінде қар жауып, жаяу боран соғады, батысында және солтүстігінде аздаған қар жауады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың шығысы мен оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, батысы мен солтүстігінде 14, күндіз 4-9 градус аяз. Қостанайда күн құбылмалы, түнде аздаған қар жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 5-7 градус аяз.

Солтүстік Қазақстан облысы - түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні секундсына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 5-10 градус аяз. Петропавлда көшпелі бұлтты, түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 7-9 градус аяз.

Павлодар облысы - қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні секундсына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 3-8 градус аяз. Павлодарда бұлтты, қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 3-5 градус аяз.

Қарағанды облысы - облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні секундсына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың оңтүстігінде 3 градус аяз, күндіз 5-10 градус аяз, облыстың оңтүстігінде 1 градус жылы. Қарағандыда көшпелі бұлтты, қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 6-8 градус аяз.

Ұлытау облысы - күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде аздаған қар жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 3-8 градус аяз. Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундсына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 3-5 градус аяз.

Шығыс Қазақстан облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігі мен шығысында секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың таулы аудандарында 15 градус аяз, күндіз 2-7, облыстың таулы аудандарында 10 градус аяз. Өскеменде бұлтты, түнде қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 аяз, күндіз 2-4 градус аяз.

Абай облысы - түнде облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігі мен батысында секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-8, облыстың батысында 12 градус аяз, күндіз 0-5, облыстың батысында 8 градус аяз. Семейде бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 0-2 градус аяз.

Қызылорда облысы - облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3 аяз бен 2 градус жылы аралығында, облыстың солтүстігінде 6 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус аяз. Қызылордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 1 аяз бен 1 градус жылы аралығында, күндіз 3-5 градус жылы.

Жамбыл облысы - күндіз облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың таулы аудандарында көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың таулы аудандарында екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 3 градус аяз, күндіз 4-9 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 0 градус. Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 5-7 градус жылы.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *