Буркина-Фасо президенті ИЫҰ-ның саммитіне қатысатындығын растады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев Каир қаласына ресми сапармен келген Буркина-Фасоның Президенті Роч Марк Кристиан Каборемен кездесті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.