14 маусымда елдің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын мен найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.