Зайырлы мемлекетте барлық құқықтар тең - Нұрлан Ермекбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зерттеулер нәтижелері азаматтардың көбі зайырлылық құндылықтарын жоғалтып алуға болмайтын игілік деп есептейтінін көрсетті. Бұл туралы Астанада өткен халыққа есеп беру кездезінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.