Сенбіде солтүстік өңірлерде бұршақ жаууы ықтимал
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 маусымда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады және жел күшейеді, республиканың солтүстік өңірлерінде кей жерлерінде тұман, бұршақ жаууы мүмкін. Тек қиыр оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.