ҰБТ-ның алтыншы күнінің қорытындысы жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 25 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш берген 4202 талапкердің 4113-і (97,88%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде - 3428, орыс тілінде - 685 адам сыннан өткен. Ұлттық бірыңғай тестілеу 10 ҰБТ өткізу пунктінде жүргізілді, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.